ХБА колледжі студенттері әлеуметтік стартап байқауын ұтып алды және олар Англияға барады!
27 қаңтарда «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер арасында өткен әлеуметтік стартаптар байқауының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды әрі бас жүлдені ХБА Колледжі студенттері жеңіп алды!
2015 жылы жобаға Алматы қаласының 4 колледжі студенттері қатысқан Панасыз жануарлардың болатын: туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі, Орта азиялық техникалық-экономикалық колледжі, Халықаралық бизнес академиясы колледжі, Алматы теміржол транспорты колледжі.
Байқауды ұйымдастырушылар бизнес және мемлекеттік орган өкілдері, білім беру мекемелері болды. Қазылар алқасы үздік жобалар деп Қазақстандағы әлеуметтің туризмді дамытуға бағытталған «Тарихқа жаңа көзқарас» ( авторлары – ХБА колледжі студенттері) және ауыр науқас балаларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған «Мейірім айналымы» ( туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі). Бұл стартаптардың авторлары әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы үздік тәжірибемен алмасу үшін Ұлыбританияға оқуға барады.
Панасыз жануарлардың мәселесіне адамдардың көңілін аударуды мақсат еткен «Олардың өмір сүргісі келеді» ХБА колледжі жобасы «Шеврон» компаниясының жеке сыйлығына ие болды.
«I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» бағдарламасы 2013 жылдан бері «Шеврон» компаниясымен серіктестік арқасында жүзеге асырылып келеді. Компания өкілі Лейла Айтмуханованың айтуынша, «осы жоба азаматтардың экономикалық потенциалын дамыту бойынша «Шеврон» компаниясы стратегиясының жүзеге асырылуының тамаша үлгісі болып табылады әрі қоғамның нақты әлеуметтік мәселелерін қатар шешудің жолы».
Байқау барысында студенттер 650 бенефициар үшін 24 жоба дайындап, жүзеге асырды.
Студенттерге өз идеяларын іске асыруда I-SEED аясында ұйымдастырылған тренингтер көмек берді.
ХБА колледжі студенттері 8 әлеуметтік жоба дайындап, жүзеге асырды:
1. «Тарихқа жаңа көзқарас» – мүмкіндігі шектеулі жастарға туристік бағдар ұйымдастыруға және оларды алып жүруге арналған нұсқаулық дайындалған;
2. «Мұқтажсыз әлем» – әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы
қоғамның назарын көмекке мұқтаждарға аударуға;
3. «Менің сүйікті мамандығыма бастайтын жол» – 9 сынып оқушыларына олардың талабын және мүмкіндіктерін ескере отырып, мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу;
4. «Ойна, түсін, әрекет ет» қаржылық сауаттылық тренингі» – студенттер мен оқушыларға бизнес-экономикалық ойындар арқылы өз қаржылық дағдыларын дамытатын тренингтер;
5. «Қоғамның үнсіздігі» – қолдауға мұқтаж адамдарға қоғамның көзқарасын өзгертетін жоба;
6. «Органикфуд» – дұрыс тамақтану туралы білімді қалыптастыру;
7. «Тазалық эволюциясы» – балалар мен жастар бойында азаматтық жауапкершілікті, мәдениеттілікті және қоршаған ортаға күтіммен қарауды қалыптастыруға көмектесу;
8. «Олардың өмір сүргісі келеді» – Панасыз жануарлардың мәселесіне адамдардың көңілін аудару.
Студенттерді жеңісімен құттықтаймыз!