Қазақстан мен Канада студенттері Жапонияда кездесті
2016 жылдың 23 мамырында Жапонияда Нагойя қаласында Алматы Менеджмент Университеті өкілдерінің Нагоя Коммерция және бизнес университетінің (NUCB) президенті доктор Хироши Куримото мырзамен кездесуі өтті. Бұл кездесу биылғы AlmaU және NUCB ынтымақтастығы аясында өткен маңызды оқиғаның біріне орайлас ұйымдастырылды: 2016 жылдың 23 мамырынан 30 мамыры аралығында Жапонияда тұңғыш рет қазақстандық іскерлік әкімшілік докторлары (DBA) үшін көшпелі модуль өткізілді.
AlmaU тарапынан кездесуге ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Дания Асанова, Бизнес Жоғары Мектебінің деканы Гүлнар Куренкеева, халықаралық даму бөлімінің бастығы Әйгерім Кауменова қатысты. Серіктес жоо жағынан кездесуде NUCB президенті Хироши Куримото және NUCB Graduate School басқарушы директоры Киоко Хаякава болды.
Екі жақ байланыстарын жалғастыруға шын ниеттерін білдіріп, жаңалықтармен алмасты.
Кездесу барысында доктор Куримото 2010 жылы Алматыда болған сапары кезінде жылы қабылдағанымыз үшін ризашылығын білдірді. NUCB Президентінің айтуынша, оның есінде өте қарқынды қала және жоғарғы оқу орны қалыпты, ол AlmaU енгізіп жатқан жаңалықтар мен жаңа жобаларға қуанышты екенін айтты. Куримото мырзаны ерекше қызықтырған EDSA жобасы болды.
Бұдан әрі NUCB Директорлар Кеңесінің төрағасы Доктор Хироюки Куримотомен кездесу жалғасып, NUCB жаңа кампусы туралы айтып берді және AlmaU –дың DBA докторанттары әрі NUCB профессорлары және студенттерімен нетворкинг-кешкі ас кезінде кездесіп, өз қошеметін білдірді. Халықаралық кеңседегі әріптестер AlmaU-дан келген DBA топтарының сабақтары өткен жаңа ғимараттарын көрсетті, оның даму жоспары туралы айтып берді.
Соңғы нетворкинг-кешкі ас кезінде AlmaU өкілдері біздің ЖОО туралы шағын тұсаукесер өткізді. Сондай-ақ, докторанттарға «Келешек басқармасы» модулін тәмамдағаны туралы сертификаттар тапсырылды, кеш қонақтары шетелдік әріптестерімен неғұрлым бейресми жағдайда араласуға мүмкіндік алды.
Сапар барысында Канададан, Альберта Университетінің ЕМВА бағдарламасының тыңдаушыларымен нетворкинг-кешкі ас өткізілді. Қазақстан мен Канада студенттері Жапонияда кездесті – бұл жаһандық деңгейдегі қарым-қатынас болды және қатысушылар өз елдерінде бизнес жүргізу мүмкіндіктерін талқылап, Жапониядағы оқу туралы әсерлерімен бөлісіп, есімхаттарымен алмасып, бір-бірін қонаққа шақырысты.
Көшпелі DBA модуліне қатысушы Қайрат Жақыпбаев, DBA-11-15 тобының тыңдаушысы оқу сапары кезінде қарастырылған энергетика және климат, өткенге назар бөлмеу, күйзеліске төзімді команда құру, экономиканың жаһандануы, тұтынушының мінез-құлқы және маркетинг туралы тақырыптар өзекті болғанын атап өтті. " Toyota, Brother Industries зауыттарына барған кезде бізді тарихымен, бизнесті трансформациялау тәсілдерімен таныстырды, біз өндірістің қуатын, толық автоматтандырылуын және роботтарды қолданудың жекелеген кезеңдерін көрдік, - дейді Қайрат, Жапония - дәстүрлер елі және NUCB де бұл дәстүрден тыс қалмаған. Мектептің негізін қалаушы Юичи Куримото канадалық Альберт университетін 1930 жылы бітірген бірінші жапондық болып табылады. Ол Альберт университетімен байланыстар негізін дәстүрге айналдырған. Және біздің топтың бақытына орай, Альберт университетінің MBA түлектері делегациясымен іскерлік кешкі ас ұйымдастырылып, олармен араласуға мүмкіндік туды. Жапония туралы көптеген фактілерді оқу барысында білдік, ол адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты, адамдардың жұмысқа және демалуға деген көзқарасы мен бизнес-мәдениеті туралы еді.
Мен үшін күтпеген жағдай - қарапайым жапондықтардың көбі ағылшын тілін білмейді екен. Бұл көшеде, дүкенде, метрода адамдардан бір нәрсені сұрағың келгенде, қиындық тудырды».
DBA үшін көшпелі модульге 13 докторант қатысты, олар "болашақ менеджментін" жан-жақты қарастырды. Бұл - қазақстандық бағдарлама бойынша оқып жатқан DBA-дің екі тобының алғашқы шетелдік сапары әрі AlmaU –дың DBA офисі елден алыс сырт жақта ұйымдастырған сәтті модулі болды. Оқу барысында қазақстандықтар Brother Industries (әлемдегі оргтехниканы ірі өндірушілердің бірі), спорт тауарларын өндіруші Alpen және Sports Depo, Toyota орталығы сияқты жапондық ірі өндірістік компанияларды барып көруге мүмкіндіктері болды.
*Нагой Коммерция және Бизнес Университеті Aлматы Менеджмент Университетінің бұрыннан келе жатқан серіктес оқу орны. Бакалавриаттың алмасу бағдарламасы бойынша аталмыш оқу орнымен ынтымақтастық 2010 жылы басталды, ал магистратура бағдарламалары 2012-2013 оқу жылында ашылған, бүгінгі таңда осы жоғарғы оқу орнында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алып жатқандардың жалпы саны – 6 магистрант, оның ішінде 2 магистрант 2015-2016 оқу жылының 1-жарты жылдығында (1 семестр) және 4 магистрант – қысқа мерзімді бағдарлама бойынша оқыды (2013-14 оқу жылы). Алмасу бағдарламасы бойынша оқыған бакалаврлардың жалпы саны 17 студент.
Алдағы 2016-17 оқу жылы бірінші жарты жылдықта оқуға 2 магистрант және 4 бакалавр жіберіледі.