AlmaU студенттері әлеуметтік зерттеу жүргізді

Жаңалықтар

Қаңтар 23, 2017

AlmaU студенттері әлеуметтік зерттеу жүргізді

2017 жылдың 23 қаңтарында баспасөз конференциясы өтті,  «Аман-саулык» Қоғамдық қоры   Алматы Менеджмент Университетінің  бірінші курстың 77 студентінің   көмегімен «Service Learning»: қоғамға қызмету арқылы оқыту пәні аясында Алматы  қаласы ЖОО студенттері  арасында тәуекел факторлары бойынша әлеуметтік зерттеудің қорытындыларын жария етті.

     

ЖОО өкілі, «Ақпараттық технологиялар және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнара Асемкулова  бүгінгі заманауи университеттік білімнің кәсіпқойларды қалыптастыруды көздейтінін  әрі студенттерді арнайы дайындауға бағытталғанын атап кетті.       Бірақ  «адамды қалыптастыру» классикалық білім берудің маңызды құрамдас бөлігі деп  санайтын, жаңа әлеуметтік жауапкершілігі зор ұрпақты өмірге дайындау деп білетін,   өз дамуын осы бағытқа бұрып отырған   кәсіпкерлік университеттің  мақсаты да сол. Біздің студенттеріміз барлық мамандық бойынша  «Service Learning» пәні аясында қоғамға қызмет етуге үйренеді,  қарттар үйінде, балалар үйінде және басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істей отырып, өз алған білімдерін практика жүзінде қолданады. AlmaU –да Service learning  пәнінің ендірілгенін қалалық әкімдік және бірнеше қоғамдық ұйымдар қолдап отыр. 

Бөліс: