AlmaU студенттері TechConnect стартаптар байқауының қорытындысы жайында
Бұл оқиғаның ерекшелігі сонда, отандас инвесторларымыздың қолдауы арқылы бірінші рет өзіміздің жерлес инноваторлардың жобаларын іске асыруға мүмкіндік пайда болды.
Осы шарада елордамызда 150 инвестор, 150 үздік стартаптың негізін қалаушылар мен Орталық Азия, АҚШ пен ТМД елдерінен 1500 қонақ қатысты. TechConnect.Tech конференциясында венчурлық инвестициялар және инновациялар саласындағы 20 әлемдік сарапшы баяндама жасады.
TechConnect байқауында Aлматы Менеджмент Университеті намысын инновациялық жобалардың авторлары Ерсайын Тамабай, Кирилл Цой және Ерлан Нуртаев сияқты студенттеріміз қорғады. Студенттер өздерінің стартаптары туралы нақтырақ айтып беруге келісімдерін берді.
Infalike - студенттерге арналған «фейсбук»
Бұл «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Ерсайын Тамабайдың ұсынысы, оның жаңалығы ғаламтор саласына байланысты: Infalike – бұл студенттерге бағытталған әлеуметтік желі. «Жалпы айтқанда, өнім дайын, - дейді Ерсайын, - бірақ кей бөліктерін әлі де жасап бітіру керек. Оған ақша керек. Сарапшылар, сонымен қатар Нью-Йорктен келген TechConnect жүргізушісі жобаның жақсы екенін мойындады, бірақ инвесторларды тарту үшін оны бірінші іске қосу керек,» дейді.
«Infalike -тың ерекшелігі сонда, мұнда FB немесе Vk сияқты адамдарды достарыңның қатарына өзің қоспайсың, - дейді автор. – Университет бойынша бір тұтас тізім жасалады – әлеуметтік желідегі достар тобына пароль және тірек сөз беріледі – осы оқу орнының студенттері өздерін сол Infalike қолданушылар қатарынан көріп, келешекте араласа алатындарына сенеді. … TechConnect байқауына түрлі елден келген өте дарынды жастар жиналған, әрине, олармен пікірлесу маңызды әрі қызықты болды, - деп, Ерсайын өз ойымен бөлісті.
Студенттің есебі бойынша жобаны іске асыруға бастапқы кезеңде 30 мың доллар қажет, ол күшті серверлерді жалға алуға және бағдарламашылардың еңбекақысын төлеу үшін қажет. Ерсайын стартапты Силикон алқабында жүзеге асырмақшы, университетті бітіргеннен кейін сонда бармақшы.
Қазақстанда «толықтырылған шынайы өмір» стилінде анимациялық кітаптар жасамақшы.
Алматы Менеджмент Университеті «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Кирилл Цойдың «Анимациялық кітаптар» жобасы мобильді қосымшалар үшін жасалған студенттік жұмыс. 2015 жылдың наурызында Кирилл Startup Tour – 2015 қазақстандық кезеңінде «Балаларға арналған инновациялар» трегінде жеңімпаз атанды. Сол кезде студентіміз өз стартапын Ресейде іске асыру жөнінде «сколковшылардан» ұсыныс алды.
Естеріңізге сала кеткіміз келеді, Кирилл Цой балаларға арналған анимациялық кітаптар идеясын ұсынған болатын ( мәселе ертегілер туралы). Студенттің идеясы AlmaU инновациялық мұражайда істеп жүрген кезде туындаған.
Кирилл осындай идеяны кәдімгі кітап оқыған кезде де пайдалануға болатынын түсінді. Автордың айтуы бойынша, анимакітапты аудиокітаптан айыра білу керек. Егер екіншісінің технологиясы бұрыннан қолданыста бар болса, анимациялық кітапта басқаша. Мәселен, сіз кітап сатып алып, оны мобильді құрылғыға жүктеп алатын болсаңыз, смартфонда кітаптың суреттері «тіріле» бастайды.
«Шындығында, бұл жаңа идея емес, тек онымен ешкім ден қойып айналыспаған. Бұл технология бұрыннан бар, бірақ адамдар оның мүмкіндігін енді ғана түсініп жатыр. Әрі бұл қымбат та емес. Мысалы, жақсы 3D- көзілдірік 500 доллар тұрады делік, ал 3D-модель және телефондағы анимация - арзан, әркім осы қолданысты пайдалана алады, – дейді Кирилл. – Қазір біз тағы бір мобильді қосымшаны дайындадық. App Store –да өңделіп жатыр, бір-екі аптада оны жүктеп алуға болады. Біздің жобамызды осымен қатарлас ҚР БҒМ оқу материалдарында қолдануға ұсынғымыз келеді, оқушыларға химия, физиканы оқығанда қызықтырақ болар еді».
TechConnect байқауынан студенттің алған әсері зор , оның ойы бойынша, бұл бұрын ҚР болмаған өріс, ауқым. «Ұйымдастыру деңгейі жоғары. Әсерім жағымды. Біз лайықты түрде өзімізді көрсете білдік деп ойлаймын. Осы сапардың басты нәтижесі стартапты Ресейде немесе алыс шет елде емес, өз Қазақстанымызда іске асырғым келгені. Әрине, сұраныс болды, Мәскеуге ме әлде одан да әрі кету керек пе деген сияқты ой туды. Сколковта маған қолдау жасаймыз деді, бірақ Білім және ғылыми министрлігі қолдаймыз дегеннен кейін Қазақстанда жасаймыз деп шештік».
Postero Green: мұнда бақ-қала болады!
«Логистика» мамандығының 3 курс студенті Ерлан Нұртаевты Postero Green жобасы көптен бері толғантқан еді. Шынына келсек, мектеп қабырғасында жүргенде осы идеяны іске асырсам деп ойлайтын. «Жобаның мәні қарапайым – бәрімізге белгілі, ер адам өмірінде үш нәрсені істеуі керек, үй салуы керек, ұлын тәрбиелеуі, ағаш отырғызуы керек. Біз мына үш бөліктің соңғысы бойынша көмек бере аламыз. Адамдар кез келген уақытта біздің сайтқа кіріп, ағашты таңдап, оның бағасын біле алады, ұнайтын жерін қалайды, содан кейін ағаш отырғызылады. Тағы бір ерекшелігі бұл көшет күтіп-баптап өсіріледі, ағашқа арнайы кьюар-код беріледі, GPS-жүйесі арқылы оны адам тауып ала алады. Сонымен қатар сіздің Postero Green клиенті болғаныңыз туралы ақпарат әлеуметтік желіде сіздің аккаунтыңызда көрінеді, ал, бұл дегеніміз, сіздің қаншалықты әлеуметтік жауапкершілігіңіздің жоғары екенін көрсетеді.
Қосымша артықшылықтары – адамға көшетті отырғызуға рұқсат алудың қажеті жоқ, отырғызатын көшетті іздеп жүрудің де қажеті жоқ.
Осы жобаны жүзеге асырған 4 айдың ішінде 250 ағаш отырғызылды.
Ерланның айтуынша, бұл қызмет түріне сұраныс бар, көбіне университет түлектері, жас аналар жағынан. Ендігі қадам - ірі табиғат ресурстарын қолданатын компанияларды қызықтыру.
«Адам өз қолымен бір, ары кетсе 10 ағаш отырғыза алады, ал біз ақшаға тұтас бір бақты отырғызып бере аламыз,»-дейді Ерлан.
Стартап енді ғана бастамасын жасады. Студент TechConnect байқауы оған көмек береді деп сенеді. Оның Postero Green идеясына «Байтерек» холдингінің менеджері Байжан Канафин қызықты.