AlmaU студенттері Португалияда: жас кәсіпкерлерге арналған жоба қорытындысы

Жаңалықтар

Ақпан 01, 2016

AlmaU студенттері Португалияда: жас кәсіпкерлерге арналған жоба қорытындысы

2016 жылдың  18-нен  24 қаңтарына дейін «Логистика» мамандығының  2 курс студенттері   Мадина Нукетаева және  Дана Ашимова Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) атынан  Португалияда Лиссабон қаласында өткен  "Mentoring for Youth Entrepreneurs" (жас кәсіпкерлерге арналған тәлімгер) атты  халықаралық жобаға қатысты. 

Жоба мақсаты – тәлімгерлерді (менторларды) тарту арқылы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар  Хорватиядан, Португалиядан, Словениядан, Ирак және Қазақстаннан келген студенттер арасында  тәжірибе алмасу.
Дана және  Мадина  Қазақстанда жастар  кәсіпкерлігін  дамытуға  AlmaU  инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту Орталығының қосқан үлесі туралы  айтты, атап айтқанда, университет студенттерінің  жүзеге асырылып жатқан стартап-жобалары. Солардың бірі Almaty Management University 3 курс студенті  Кирилл Цойдың «Анимациялық кітаптары»  "Start Up Skolkovo" қазақстандық кезеңінде  1 орын алған болатын әрі Мәскеуде автор "Skolkovo Village" кезінде өз жұмысын  инвесторларға таныстырған.

 Лиссабонға сапар біздің студенттер үшін ұмытылмас кезге айналды, ол қызықты жобаға қатысқандықтың арқасында ғана емес,  ол керемет жерлерді тамашалап көргендерінен қалған әсер болды.  

Біздің қыздарымыз  Mosteiro dos Jerónimos  атты Португалиядағы Белен мұнарасындағы әдемі монастырьдің бірінде болды   (ол  Лиссабонның нышаны), өте әдемі алаң  Terreiro do Paço –да қыдырды.

«Шын жүректен «Кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту Орталығына» және Enactus AlmaU студенттер ұйымына "Mentoring for Youth Entrepreneurs" халықаралық жобаға қатысуға жағдай жасағандары  үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді.  Осы жоба маған тәлімгерлікті дамыту бойынша  жобаға қатысқан басқа елдерден үйренуге мүмкіндік берді, бұл алдағы уақытта университет аясында және Қазақстанда осы бағытты дамытуға үлкен септігін тигізеді,- деп өз әсерімен Мадина Нукетаева бөлісті.  – Менің әр елден келген түрлі  ұлт пен мәдениет өкілдерімен танысуға тамаша мүмкіндігім болды. Мен баға жетпес тәжірибе алдым, ой-өрісімді кеңейткен көп нәрсе үйрендім.  Португалияға сапар менің есімде тамаша бір кезең ретінде мәңгіге қалады». 

Бөліс: