Алматы қаласында 8 мемлекеттен келген студенттер ғылым мен технология саласында өз білімдерін көрсетті
2019 жылдың 22-26 сәуір аралығында Алматы қаласында Almaty Management University – AlmaU (Алматы) және - HSE University-дің (Мәскеу) экономика жоғары мектебі ұйымдастырған халықаралық пәнаралық мектеп өтті.
Мектептің негізгі мақсаты-әлемнің түрлі елдерінен келген жастардың халықаралық деңгейде білім алуларын, кәсіби байланыстарын және зерттеу жұмыстарын дамыту болды. Халықаралық мектеп қатысушылары ғылым мен технологияның заманауи салалары бойынша жаңа білім алып, AlmaU оқытушылары мен ғалымдарының семинарлары мен шебер сабақтарына қатысты.
Аталған мектептің жұмысына Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 20 үздік оқытушы мен сарапшылар және әлемнің 8 елінен: Қазақстан, Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Моңғолия және Испаниядан 150 үздік студент қатысты.
Негізгі тақырып:
1. Экономика және қаржы
2. Халықтың экономикалық сауаты әлеуметтанушылар көзқарасы тұрғысынан
3. Желілік талдаудың теориясы мен әдістері
4. Деректер туралы ғылым (Data analysis)
Мектептегі оқу барысында өзіндік дамуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыратын керемет жағдай жасалды, сонымен қатар қатысушылар арасында достық қарым-қатынас, кәсіби нетворкинг қалыптасқан тамаша іс-шара болды.
AlmaU коллаборациясы қазақстандық білім берудің және білім беру инновациясының биігінде орналасқан Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі- ВШЭ және AlmaU халықаралық мектебін сәуір айының соңында тамаша білім беру алаңына айналдырды.