Startup Tour 2016: Біз инновациялық жобаларды іздейміз!

Жаңалықтар

Наурыз 03, 2016

Startup Tour 2016: Біз инновациялық жобаларды іздейміз!

30-31 наурызда AlmaU-да   «Сколково» Қорының ауқымды марафоны өтеді.

Өз идеяларыңызды жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндікті пайдаланыңыз!

Міне, бірнеше жылдан бері  «Сколково» Қоры   Стартап Тур жобасын  жүзеге асырып келеді (https://startup-tour.ru/ru), олар Ресей және ТМД елдері бойынша үздік инновациялық жобаларды іріктеп алады.

Биыл  Алматыда Almaty Tech Garden мен  Қазақстан Республикасы инновациялар және даму министрлігі  қолдауымен. екінші рет Стартап Турдың Еуразиялық кезеңі өтеді. Іс-шара 2016 жылдың 30-31 наурызында   Aлматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) өтпекші.

2016 жылы турға бизнесте мол тәжірибесі бар  50 сарапшы қатысады. Ал, бұл байқауға қатысушыларды және қонақтарды мықты білім беру және менторлық бағдарламалар күтіп тұр деген сөз.

Жобаның басты мақсаты: бұл мамандарға,  жас және дарынды кәсіпкерлерге, ғалымдарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру!

 «Сколково» Қоры жеңімпаздарға Startup Village шарасына қатысуға шақыру билетін береді, ол- Ресейдегі жыл сайын өтетін ірі  стартап-конференция, биыл оның ұйымдастырылуы 2-3 маусымда «Сколково» Инновациялық орталығында  жоспарланып отыр. Жеңімпаздар Startup Village байқауына қосымша сараптамадан өтпестен қатысу құқығын алады, сонымен қатар  Almaty Tech Garden акселерация бағдарламасының  қатысушысы бола алады.

 

 

Бірінші рет Стартап Турдың Еуразиялық кезеңін ұйымдастырушылардың бірі ретінде РОСНАНО инфрақұрылымдық және білім беру бағдарламалар Қоры қатысады, ол әр қаладан бір команданы таңдап,  өзінің нано орталықтарының бірі nanoWEEKEND-ке шақыру билетін береді.    nanoWEEKEND қорытындысы бойынша бір команда нано орталықта бір айлық машықтанудан өтуге мүмкіндік алады.   

Сонымен қатар іс-шараның тағы бір қолдаушысы Қазақстандағы инновацияларды дамытуға кәсіби орта аталып жүрген  Almaty TechGarden Инновациялық кластері бизнес өкілдерін, стартаптарды, инвесторларды, оқу және ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіреді.

 Almaty Management University жобаның бас серіктесі – еліміздің бұрыннан келе жатқан бизнес-жоо, оның есебінде  менеджменттен білім алған  алғашқы қазақстандық кәсіпкерлер және ҚР бірінші  МВА және DBA бағдарламалары; әлеуметтік жауапкершілік және кәсіпкерлік университеті.

 2016 жылдың байқау бағдарламасы  басты бес бағытты қамтиды: биологиялық және медициналық технологиялар, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі биотехнологиялар, өнеркәсіптегі технологиялар мен материалдар, энергетика және  энергия тиімді  технологиялар, ақпараттық  технологиялар.

Бұл шараның сізге қатысы не?

✓ Егер сіз жас ғалым  болсаңыз немесе стартап –командаңыз болса, сіздің жобаңызды  байқау бағдарламасында көргіміз келеді. Стартап-жобалар байқауына қатысуға өтінім қалдырып, сіз дамуыңызға керекті инвестиция тартуға шынайы мүмкіндік аласыз: https://startup-tour.ru/ru#competitions

✓ Егер сіз студент болсаңыз, біздің білім беру бағдарламамыз арманыңызды тезірек  іске асыруға көмектеседі. Сіз бизнестегі және ғылымдағы әлемдік тренділер туралы бәрін білесіз.

Қатысу тегін – біз бәріңізді осында көргіміз келеді.

Қатысушыларды тіркеу және толық бағдарлама осында.

Байқауға өтінім беру 2016 жылдың 17 наурызында аяқталатынына назар аударыңыздар.  17 наурыздан кейін өтінімдер қабылданбайды.

Турдың білім беру бағдарламасына қатысуға тіркелу 30 наурызға дейін ашық.

 AlmaU инновацияларды және кәсіпкерлікті дамыту Орталығы :

Диас Қожатаев, ұялы  телефоны: + 7 776 232 30 89

Бөліс: