Қазақстанда Big Data мамандығы пайда болды!
4 ақпанда Алматы Менеджмент Университетінде «Бизнес-аналитика және жаһандық деректер (Big Data)» атты жаңа мамандық ашылды. Оның ашылуын және алғашқы сабақтарын белгілі қазақстандық бағдарламашылар Арман Сүлейменов және Алмас Тұяқбаев ұйымдастырды.
Бүкіл әлемде соншалықты танымал мамандықтың ашылуы ешқандай шусыз, тыныш қана өтті: Carnegie Mellon University түлегі Алмас Тұяқбаев және AlmaU-дың академиялық мәселелері жөніндегі проректоры Гүлмира Курганбаева осы мамандыққа түскен алғашқы студенттерді құттықтады. «Жүрек жұтқан» студенттердің саны - 11 адам, шынында, ұйымдастырушылар осындай студенттердің жақын арада көбейетініне сенімді. Атап өту керек, AlmaU-дың Big Data мамандығына басқа оқу орындарынан ауысқандар бар, кейбіреулері гранттан да бас тартып, жаңа мамандық пайдасына таңдау жасаған.
AlmaU-дың академиялық даму жөніндегі проректоры Гүлмира Курганбаева жаңа мамандықтың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқтала кетті: «Сіздер AlmaU –да жаңа мамандық ашу сияқты біздің арманымызға сенетіндеріңізді білеміз, меніңше, бұл еліміздің экономикасында зор серпіліс жасайтын үлкен бір құбылыс. Сіздерге әріптестер деп айтқым келіп тұр, себебі бірнеше жылдан кейін тек біздің университетімізде ғана емес, басқа да компанияларда жаңа бағдарламалар жазу үшін, жаңа идеялар мен IT қызметін басқару үшін сіздерге жүгінетін боламыз».
Сабақта студенттер AlmaU –дың «Бизнес-аналитика және жаһандық деректер (Big Data)» мамандығына түсу туралы шешімдерін қалай қабылдағандарын, өз оқиғаларын ортаға салды.
Ксения Тян өзінің Қытайға ұшайын деп тұрып, ақырғы сәтте ойланып, шешімін өзгерткенін айтты. Кейін AlmaU-ға «Маркетинг» мамандығына түсіпті: «Мен «Эн факториал 2016» курсына қатысушымын, осы курсты өткен соң бағдарлама жасау менің ісім емес деп ойладым. Бірақ нәтижесінде сол бастамама қайтып оралдым. Қызықты дерек: мен «Technovation challenge» америкалық жобаның финалына қатысушымын ...
Анель Дюсекенова «Электроэнергетика» деген мамандықты Алматы оқу орындарының бірінде оқып жүріп, жаңа мамандыққа ауысып кеткен. Big Data мамандығы туралы Анель әлеуметтік желіден біліп, AlmaU –ға түсемін деп шешкен.
Динара Шаухарова бұрын «Қоғаммен байланыс» мамандығында оқып жүрген, «Бизнес-аналитика және жаһандық деректер (Big Data)» мамандығының ашылғаны туралы AlmaU –дың ресми сайтынан білген. «Грантқа конкурс жүріп жатқанын білгенде, іріктеуден өтіп, ағылшын бөліміне түстім. Әзірге менің бұл мамандық туралы білетінім, Kcell және т.б. ірі компанияларда қолданылатын деректерді өңдеу.»
Мадияр Ғалымжанұлы AlmaU-да жаңа мамандыққа іріктеу аясында грантқа түсуге конкурс болатыны туралы әлеуметтік желілер арқылы білгенін айтады: «Менде IELTS болатын, сонымен қатар үлгерімім де жақсы болды. Грант алуға мүмкіндігім бар екеніне сенімді болғандықтан, құжаттарымды тапсырдым. Мектеп қабырғасында жүргенде бизнеске қызығушы едім. Ал бизнестің Big Data мамандығымен өзара ұштаса алатынын білгенде, қатты қызықтым. Сондықтан тура AlmaU-ды таңдадым. Меніңше, бұл мамандықтың келешегізор әрі жарқын. Әрине, осында түсу оңай болған жоқ, себебі мен басқа қаладан келдім. Ол жақта мен басқа мамандықта оқығанмын, сондықтан бәрін тастап, осында түсу мен үшін үлкен тәуекел болды. Мен үшін осындай жоғары оқу орнына түсу зор қуаныш. Бар күшімді 100% салуға тырысамын әрі университеттің үмітін ақтағым келеді».