Жоғарғы оқу орнының заманауи оқытушысы, ол- кім?

Жаңалықтар

Шілде 08, 2016

Жоғарғы оқу орнының заманауи оқытушысы, ол- кім?

Бүгінгі оқытушы қандай дағдыларға ие болуы керек әрі келешек оқытушысы қандай қасиеттермен ерекшеленуі керек? Осы сұрақтарға Халықаралық Жазғы мектепке қатысушылар  Almaty Management University Іскери әкімшілік кафедрасының профессоры Ақмарал Алталиевамен бірге  жауап іздеді.

Ақмарал Андировнаның «Заманауи білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру » атты семинары Жазғы мектеп-2016  бағдарламасын өте қисынды аяқтауға себеп болды.  Еңбек мәдениеті мен құзіреттілік моделін жоо өкілдері командалық талқылау барысында анықтады. Жалпы, мектеп тыңдаушыларының пайымы әлемдік білім беру саласындағы жүріп жатқан үрдістермен сәйкес келеді.  

Болашақ оқытушысы – бұл геймификатор және жаттықтырушы, зерттеуші және кәсіби дағдылар инженері, психолог және ұстаз, көшбасшы және кәсіби ортада да әрі  жеке өмірінде де беделді адам. Семинарға қатысушының бірі, AlmaU АТ және ЖБП кафедрасының аға оқытушысы Ибжарова Шолпан қызықты пікірді айтты: "Педагог - бұл, шын мәнінде, философ.  Қарапайым адам шынайы өмірде  философияны  дерексіз дүние деп таниды, ал оқытушылар, керісінше,  адамдарға өздерін тануға көмектесулері керек. Педагог – жер бетінде адам жанының құдайы. Философия аясында  педагогикалық мәдениет студенттің болмысын анықтап, оның тұтас тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуі керек».

Педагогикалық мәдениеттің  ерекшелігі сонда оқытушы студенттерді өз үлгісімен ынталандыра білуі керек. Іс жүзінде, педагог әрбір студенттің  зияткерлік, рухани және шығармашылық қасиеттерін қалыптастырады.  Әрине, бұл жерде оған  шынайылық және жаны аши білуі көмектеседі. Педагогтің  үнемі өзін жетілдіріп отыруға деген ынтасы оның кәсіби табысқа жетуінің басты факторы болып табылады.  Оның үстіне,  оқытушы өз әріптестерінен ғана үйренбей, студенттерінен де үйренуіне болады, себебі олар - Z ұрпағы.

Жаңа Z  ұрпағы өздеріне деген сенімділікпен  ерекшеленеді, олар - тәлімгерді іздейтін, тет-а-тет қарым-қатынасты күтетін, дәстүрлі емес бизнес-модельдерді, өздері сенетін нәрсені үйренуге дайын ұрпақ.   Сондықтан, бұл ұрпаққа ықпал ету үшін беделге ие болу керек. 

Оқытушыны болашақта не  күтіп тұр? Мүмкін, 40-минуттық дәрістер болмайтын шығар, өйткені  өмір сүру ырғағы  артқандықтан барынша маңызды ақпаратты мұқият ойластырып, оны ғана беру қажет сияқты. Оқыту бағдарламасына эксперименттер мен ойынтехникаларын енгізу керек, осылай туденттерге әлдеқайда үйрену қызықты болады. Қазіргі уақытта оқытушының рөлі  көз алдымызда  өзгеріп жатыр. Жастарға компьютер пернесін басса болды, көп  ақпаратқа  қол жеткізе алады. Жасанды интеллектпен бәсекелесу бекер. Мамандар тіпті магистранттардың ақпаратты өзі іздеу барысында әбден «падаланылған»  материалдарды қолданатынын, тікелей  өздері  авторлар мен түпнұсқалық мәтіндерді оқымайтытын айтады.  Сондықтан да педагогтерге  ақпаратты көбейтуді тоқтату керек,  «бәрін білетімін» дегенді азайтып, қазіргі трендтерге мән беру керек.

Бөліс: