Әлеуметтік жеңілдіктер
Құрметті студенттер!!!
Келесі санаттар бойынша 2022-2023 оқу жылына әлеуметтік жеңілдіктер беру (ұзарту*) бойынша конкурстық комиссияға өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз:
- көп балалы отбасылардан шыққан студенттер;
- ата-анасының мүгедектігі бар студенттер (I-топ, II-топ);
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын студенттер;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер (ХҚКО-дан анықтама болған жағдайда);
- мүгедектігі бар студенттер (I-топ, II-топ);
2021-2022 оқу жылында әлеуметтік жеңілдіктері бар студенттер келесі оқу жылына ұзарту үшін құжаттарды тапсырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өтініштерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 01 маусым мен 17 маусым аралығында.
Керекті құжаттар тізімі: СІЛТЕМЕ БОЙЫНША
Барлық сұрақтар бойынша:
Қаржы сұрақтары бойынша менеджер - Мухаева Балжан Аманжоловна
Кабинет 115
Телефон: +7 727 313-30-58 немесе +7 727 313 30 40 (ішкі 233)
E-mail: b.mukhayeva@almau.edu.kz