Саясат Нұрбек: AlmaU-да Huawei-дың цифрлық зертханасы ашылады

Жаңалықтар

Қараша 16, 2022

Саясат Нұрбек: AlmaU-да Huawei-дың цифрлық зертханасы ашылады

022 жылдың 15 қарашасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AlmaU-да қонақ болды. Табалдырықтан аттай бергенде Face ID мейманды танып ішке емін-еркін кіргізді.

 

 

Университетіміздің ректоры Гүлнар Тұрдалықызы жол бастады. Алғашқы аялдама - Jalinga студиясы.

 

 

Аталмыш цифрлық студия видеолекциялар жазуға, мультимедиялық презентацияларды өткізуге арналған.

 

Алда студенттеріміздің төл мерекесі келе жатқанын ескере отырып министрге студия мүмкіндіктерін пайдалану арқылы құттықтау сөз айтуға ұсыныс тасталды. Саясат Нұрбек ешбір дайындықсыз заматта жүрекжарды тілегін айтып, университет ұжымын қуантты. 

 

Небәрі 33 секунд ішінде видео да дайын болды.  

 

 

Студиядан соң министр Qaynar Bulaq-қа беттеді. Жолай студенттермен, ректорат мүшелерімен естелікке фотоға түсіп үлгерді.

 

 

 

Бірер секундтан кейін дүйім жұрт Qaynar Bulaq-та бас қосты. Былтыр ғана өз есігін ашқан бұл қалалық қауымдастық неше түрлі пайдалы шара өткізіп алматылықтарды қуантып жүр. 

 

Бір айта кетерлігі, Qaynar Bulaq-та бірнеше зал бар. Ректорат мүшелері мен AlmaU-дың Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Polymetal-дың тәуелсіз директоры Жанат Бердалина министрмен қызыл залда көрісті. 

 
 

 

Сөз тізгінін ректор алды. Гүлнар Тұрдалықызы презентация көрсете отырып университеттің жетістіктерін әңгімелеп берді. Ең қуаныштысы, мақтануға тұрарлық нәтиже аз емес.

 

 

AlmaU жаһандық деңгейде мойындалған comprehensive university атануды мақсат тұтады. Ендігі көздеген меже - 18 000 студентті оқуға тарту, 8 000 студентке онлайн білім беру. Jalinga студиясы - университеттің құрылымын өзгертудің алғашқы қадамдарының бірі.

 

Әрмен қарай университет ректоры ғылым мен жоғары білім жүйесінің дамуы жайлы ой қозғады.

Министр мұны іліп алып кетіп бүй деді:

 

 

 

"Ғылымды қолдау бойынша бізде бар құралдар фундаментальды ғылымға бағытталған. Жаңа білімді құру бойынша компетенциямыз бар. Бізде жыл сайын 7000-7500 ғылыми мақала жарық көреді. Алайда ғылыми қауымдастықтың конструкторлық инженерлік, онымен қоймай бизнес, маркетинг, тарату және коммерциализация бойынша компетенциясы аз.

 

Сонымен қатар Саясат Нұрбек оқу мерзімін қысқартуды ұсынды. Бір айта кетерлігі, AlmaU-дың үш жылдық оқуға көшкеніне біраз болды.

 

Кездесу соңына қарай министрдың аузынан сүйінші жаңалықты естідік. AlmaU-да Huawei-дың цифрлық зертханасы бой көтермек.

 

Жанат Бердалинаның сөзімен аяқтайтын болсақ, AlmaU - азаматтық қоғамның дамуын көздейтін, жаһандық амбициясы бар кәсіпкерлік университет.

 

 

Бөліс: