Сүйікті AlmaU, туған күніңмен!

Жаңалықтар

Желтоқсан 12, 2016

Сүйікті AlmaU, туған күніңмен!

Туған күн  – бұл өмір салтанатының мерекесі!

 

28 жас – дамудың  қайталанбас кезеңі, ерекше өсу мен серпін, сонымен қатар  жүріп өткен жолдың қорытындысы және   талдау жасайтын кезең. Бұл болашақта жеміс беретін өмірдің  ең өнімді кезеңі, болашақты жоспарлау, үздіктің біртіндеп жақсыға айналуы, жақсының көрнекті жеңіске, содан кейін көрнектінің қайтадан үздікке айналуы.  AlmaU-да  шеңбердің шегі жоқ,    шарттар мен мүмкіндіктер нәтижеге жету үшін әрбір адамға өз кірпішін қалауға  барлық мүмкіншілікті береді.

Ризашылық, күрделі эмоциялар абстракция емес, бұл шынайы сезімдер. Сөз жоқ,  AlmaU-да  ең үздік және креативті қызметкерлер мен педагогтер жұмыс істейді.  Біз  үздіктерді ғана қалдырамыз,  үздіктерді ынталандырамыз, ең озық ойлылардан үздік идеяларын аламыз, сондықтанда  еліміздің ерекше  тұлғалары бізбен бірге! Сіздің күнделікті еңбегіңіз,  жеке құндылықтарыңыз үшін, университеттің корпоративтік құндылықтары үшін іс-әрекеттеріңіз  біз үшін маңызды болып табылады.

Әр туған күнімізде  біз риторикалық сұрақтар қоямыз: "Не жасалды?", "Не жетпейді?", "Қалай біз  өмірімізді жақсарта аламыз?". Әрине, "А" нүктесінен  "Б" нүктесіне дейінгі нысанға  тек «Мен» арқылы жетуге болатынын білемін. Мына әлемде жетістікке   тек бірегей білім, шығармашылық арқылы жете алмайсыз, ол көп қырлы команда жұмысының арқасында іске асатын дүние.   Өмірлік мәселелердің күрделілігі біздің қуануға және шаттануға  деген ықыласымызды көлегейлемеуі тиіс.  Апачилердің бір аңызы бар, бұл аңыз бойынша  Жаратушы ием адамдарды жаратып, оларға көру, есту, ойлау қабілеттерін  беріпті. Содан кейін оларға ерік –жігер бергенде, тағы да бір нәрсенің жетпей тұрғанын түсініпті. Біраз ойланып, Жаратушы адамдарға ойнап-күлу, шаттану қабілетін де берген екен. Тек осыдан кейін ғана ол  жаратқанының толықтай аяқталған тірі жан екеніне риза болыпты.

Қымбатты  AlmaU –лық!

«Сен өзіңді кіммін деп ойлайсың?

Супер жұлдызсың ба?

Қайтейік, сенікі дұрыс.

Біздің бәріміз Күн, Ай және Жұлдыз сияқты жарқырап тұрмыз.

Біз -  бәріміз жарқырап тұрмыз»!        Джон Леннон

         Туған күніңмен! Біздің бақытты болуымыз соны біздің қаншалықты сезінетінімізге байланысты. Сезіміңді білдіру – құнды сыйлық салынған қорапшаны байлап тұрған әдемі жібек бау сияқты, қораптың іші толған  жетістіктер, оған әрқайсыңыз әрі біздің бүкіл командамыз жетіп отыр! Бәрімізге амандық тілеймін! Жеке басыңызға,  кәсібіңізге биік  жетістіктер тілеймін! Біз сіздерді мақтаныш етеміз!          

                    Сүйіспеншілікпен,  AlmaU Ректоры       Алмагүл Қанағатова                   

       

 

    

Бөліс: