27-ші туған күніңмен, AlmaU!
Отызға жуық Алматы Менеджмент Университеті (ХБА) Қазақстанның жетекші бизнес - жоғары оқу орны ретінде танылып, студенттерге ең сапалы және озық білім беріп келеді. Жылда 12 желтоқсанда Университет өз қызметіне қорытынды жасап, үздік қызметкерлерін мадақтайды. Биыл да сол дәстүр жалғасты!
AlmaU өзінің 27 жылдығын 12 желтоқсанда атап өтпекші болатын, бірақ биыл 11 желтоқсанда тойлады. ЖОО-ның үлкен бір залында қызметкерлер, оқытушылар және Университеттің қонақтары жиналды. Әріптестерін салтанатты мерекемен AlmaU-дың корпоративті даму және қаржы проректоры Руслан Қожахметов пен стратегиялық даму және ғылым проректоры Дания Асанова құттықтады. Дания Қасымқызы оқу орнының жетістіктерімен бөлісті: «Өткен жылдың басты әрі маңызды оқиғаларының бірі - AlmaU –да жоо-ның жаңа 2015-2020 жылдарға даму Стратегиясы бекітілді. Естеріңізге сала кеткім келетіні, 2014 жылы біз Университет мәртебесіне ие болдық әрі алдымызға мақсат қойдық—2019 жылға қарай халықаралық деңгейдегі 8 мектеп құру. 2013 жылы біз мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебін ашқан болатынбыз, 2014 жылы Бизнес Жоғары Мектебі және құқық Мектебі құрылды. 2015 жылдың ішінде тағы да үш Мектеп ашылды: қаржы мен менеджмент, экономика және сервис және базалық дайындық Факультеті ашылды!»
Салтанатты шараның жағымды бір сәтіне Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің алғыс хаттарын Алматы Менеджмент Университетінің 5 қызметкеріне тапсыру болды, атап айтқанда: әкімшілік басқармасы директоры Зайтуна Сарсембаеваға, ректор кеңсесі аудармашысы Нурзина Атамкуловаға, қаржы және менеджмент жоғары мектебі деканының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Айнұр Ашимоваға, заң бөлімінің бастығы Бахытжан Акишевке және консалтинг және менеджментті дамыту орталығы директорының орынбасары Венера Қынатбековаға. Университет басшылығы, сонымен қатар, басқа да үздік қызметкерлерін өз істеріне кәсіби көзқараспен қарап, ЖОО-ны дамытуға қосқан зор үлестері үшін марапаттады. Құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын AlmaU-дың 54 қызметкері алды.
Осы салтанаттың тағы да бір ерекше кезеңі AlmaU –дың жаңа әнұранына дайындалған бейнебаян тұсаукесері болды. Оны Университет студенттері өздері түсіріп, дайындаған. Бастамашыл студенттер өз туындыларына кәсіпқой топты шақырған, олар - Revolt, Be Eazy Edition тобы, сонымен қатар белгілі клипмейкер Сакен Битаев. Түсірілімдер бір ай бойы жүрген, түсірілімдер тек қана сүйікті оқу орнының қабырғасында ғана өткен жоқ, Алматының Ескі алаңында, Медеуде, керек десеңіз, тау шыңында, 3000 метр биіктікте түсірілген, студенттер туған Жоғары оқу орындары үшін сол шыңға шығуға дейін барды!
Сәл көңілсіздеу, қимастық сәт ағылшын тілін дамыту Орталығының басшысы Ребеккой Гросспен қоштасу кезі болды. Ребекка 2 жыл бұрын жып-жылы Калифорниясын тастап, Қазақстанға ұшып келген болатын. Ол өз тәжірибесін, білімін студенттерге ғана үйретпей, AlmaU қызметкерлері үшін де аяған жоқ. Қызмет еткен жылдары Ребекка оқытушылар ортасында академиялық адалдықты насихаттаушы болды, Еnglish Learning Development Center құрып, ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттырды. Ребекка AlmaU-мен қоштасты, бірақ Қазақстанда кездестірген әріптестері мен достары оның жүрегінде мәңгі сақталатынын айтты.
Ұжым кітапхана қызметкері Айгүл Артықбаеваның өнерін тамашалап, ақын Майлықожаның «Ана туралы» термесін тыңдады. Жүректі жымырлатқан, жан дүниеңе ерекше әсер ететін әуен кімді болса да толғандырмай қоймады. Бұл сәттерде Университеттің ірге тасын қалап, көп еңбек сіңірген тұлғалар еске түсті десек артық болмас.
Университет мерекесіне арналған тағы да бір сый «Scream and Shout» клубын қатысушылар Жанель Бекбулатова мен Анна Кимнің орындаған танымал «Мерси» әні болды. Кештің соңында дәстүр бойынша AlmaU –дың «КАПИТАЛ» КВН командасы сүйікті оқу орындарын құттықтады. Жігіттерді зор қошеметпен қарсы алды, себебі олар Бакуден Әзірбайжан КВН лигасының Үлкен кубогін алып келген болатын. Алматы Менеджмент Университеті қызметкерлері ұтқыр әзілдерді тыңдап, көңілдері көтеріліп, соңында той иегерлері ретінде Университеттің корпоративті нышанында дайындалған торттан дәм татты.