Оқытушының рөлі: білім алуға үйрету

Жаңалықтар

Қазан 21, 2015

Оқытушының рөлі: білім алуға үйрету

«100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, атап айтқанда, ЭБДҰ стандарттары  негізінде адам капиталының сапасын арттыру  үшін 19 мен 23 қазан аралығында Қазақ қыздар педагогикалық университетінде «Ұлттық білім беру жүйесінде   оқыту және үйретудің халықаралық  тәсіл-әдістемелерін, технологияларын қолдану » атты семинар өтеді.  Профессорлық-оқытушылық құрамға арналған  бұл семинар  Алматы Менеджмент Университеті  (бұрынғы ХБА) Мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебінің  білім беруді дамыту Институтымен ұйымдастырылып отыр.

«Білім берудің заманауи жүйесінде оқыту мен үйретудің жаңа тәсілдері » атты бірінші тренингті біліктілікті арттыру институты  деңгейлік бағдарламалар орталығының  тренері  Ирина Коломыцева жүргізді. Семинардың  тыңдаушылары  бүгінгі таңда  педагогикалық білім беру саласында кездесетін  мәселелерді  білім  үдерісіне қатысатын түрлі  тұлғалар атынан  жан-жақты талдап көріп,  білім беру парадигмасын ауыстыру керек деген қорытындыға келді.

Тренинг барысында интербелсенді  технологиялар және әдістемелер  қолданылып, критерий бойынша бағалаудың  тиімділігі көрсетілді,  педагогтің кәсіби қызметінің табыстылығын көрсететін шарттың бірі ретінде рефлексия  тәсілінің маңыздылығы айқындалды.

Бөліс: