Алматы рестораторларының AlmaU-дағы кездесуі
3 қазан күні AlmaU –да «Рестораунд 2 атты: Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің трендтері бойынша дөңгелек үстел» өтті. Биыл екінші жыл қатарынан AlmaU-дың Қонақжайлылық және туризм мектебі қаладағы мейрамхана индустриясының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау үшін дөңгелек үстел басына достар мен серіктестерді жинады.
Chocofood компаниясының директоры, Chocofamily холдингінің қаржы директоры және акционері Николай Щербак «Қазақстандағы Chocofood жобасын ілгерілету тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйледі. Қазақстанның бас аспаздары қауымдастығының президенті, Бүкіләлемдік аспаздық қоғамының (WACS), Дүниежүзілік Ислам аспаздық қауымдастығының (WICS) судьясы, "Абырой белгісі" орденінің кавалері Александр Трегубенко "Қазақстандағы және әлемдегі аспаздық трендтер" тақырыбында сөз сөйледі. "Ларисс Иванну Хачу" және "Saebiz" жобаларының бірлескен иесі Эдгар Давтян "ҚР нарығында күшті бренд құру және оның дамуы" тақырыбында өз ойын айтты. Irish pub Dublin басқарушысы, 2016 және 2017 жылдары Mercedes Fashion week, Алматы қаласындағы Cheef Battle ұйымдастырушысы Ербазаров Нурдаулет "Dreem team: мейрамхананың ішкі құрылымы" тақырыбында сөз сөйледі. Ресторатор, бренд-шеф және Harissa атты Таяу шығыс асханасы мейрамханасының серіктесі Андрей Мокич "Мейрамхана бизнесінің әлемдік үлгілері және біздегі шынай өмір" атты тақырыпта сөз сөйледі. РШСО негізін қалаушы, «J brand Company» компаниясының директоры Сейтжан Оспанов «Қазақстандағы мейрамханада қызмет көрсету ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шараны журналист және медиа-менеджер Олег Хе жүргізді.
Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар әр мейрамхананың өз фермасының болуы жайлы, өз өнімдерін өсіру арқылы құралдарды және еңбек күшін үнемдеу туралы, қызмет көрсету деңгейін арттыру және мейрамхананың немесе дәмхана ұжымын жұмылдырып,шабыттандырып, жоғары деңгейге көтеру сияқты мейрамхана индустриясындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Бұл іс-шара AlmaU-дың Қонақжайлылық және туризм мектебінің осы салаға бағытталып жұмыс істеп жатқандығының көрінісі. Мұнда аталған мектептің 30-дан астам студенті қатысты. Бұл кездесу Алматы қаласындағы мейрамханалардың танымал жетекшілері мен іскер адамдарымен қарым-қатынас орнату үшін жақсы мүмкіндік болды.