Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум
2022 жылдың 5 маусымында әрбір қазақстан азаматы елдегі өзгерістерге өз үлесін қоса алатын Республикалық рефендум өтетін болады.
Референдум дегеніміз не және оған не үшін қатысады?
Референдум – ел тұрғындарының тікелей бағасын талап ететін маңызды және өткір мемлекеттік мәселені шешу үшін халық арасында сауалнама жүргізу және дауыс беру үрдісі. Әдетте оған бір немесе одан көп сұрақтар қойылады, оған жауап ретінде «иә», «жоқ», «келісемін» немесе «келіспеймін», «қолдаймын» немесе «қолдамаймын» деген нұсқалар беріледі.
Халықтың еркін білдіру, яғни референдумға қатысу мүмкіндігінің өзі мемлекеттегі процестерге әсер ету мүмкіндігіне кепілдік береді.
5 маусымда өтетін бұл референдум конституциялық болып саналады, себебі онда конституцияның жобасы немесе конституциялық өзгертулер жалпыхалықтық дауыс беруге ұсынылады. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымда сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылды.
Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды төмендегі суреттерден көруге болады.
Дереккөз: 24 Хабар, https://24.kz/ru/news/polezno-znat/item/545480-referendum-2022-kakie-popravki-planiruyut-vnesti-v-konstitutsiyu
Өзіңіздің сайлау бөлімшесін мына сілтеме арқылы біле аласыз https://referendum.gov.kz/