Беделді өсіру үшін инвестициялар қажет
30 қыркүйекте Алматы Менеджмент Университетінде «Абырой менеджменті» тақырыбында авторлық семинар өтті!
Семинарды Білім және ғылым министрінің ақпарат және коммуникация бойынша кеңесшісі , корпоративті коммуникациялар саласы бойынша сарапшы, Kazkom –ның бас PR-менеджері , сонымен қатар «Пиар без Понтов» (2009 жылдың қазақстандық іскери бестселлері) және «Абырой Менеджмент: управление репутацией» (2013 ж.) кітаптарының авторы Қуат Домбай өткізді.
Шеберлік мектебі МВА тыңдаушыларымен қатар барлық қызығушыларға да арналып өткізілді. Тренинг абыройды басқару тәсілдеріне және онымен жұмыс істеу түрлеріне арналды. Сонымен қатар Қуат Домбай «Reputation Diagram» атты авторлық диаграммасын ұсынды. Диаграмманың мәні сонда, адам алғаш өзінің абыройын көтеру үшін инвестиция жасайды ( бұл біртіндеп іске асатын үдеріс), содан кейін абырой адамға қызмет етеді.
Бейнебаянды Youtube сайтында ашық түрде көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=tcj_jM0sTjc&feature=youtu.be