«Юнифайд» мини-футболдан Республикалық турнир
Биылғы жылдың 18-19 мамыр аралығында Талдықорған қаласында "Юнифайд" – мини-футболдан Республикалық Турнир өтті. Юнифайд-футбол командасы жасы мен қабілеті ұқсас атлеттерден және серіктестерден құралады.
Турнирдің ұйымдастырушылары - "Қазақстандық арнайы олимпиада" ҚБ, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және Алматы облысының мүгедектер спорт клубы болды.
Қазақстан Спешиал Олимпикс ұйымы 27 жылдан астам уақыт бойы 18 олимпиадалық спорт түрі бойынша тұрақты түрде менталдық ауытқуы бар мүгедек балаларды жаттығуларға қатыстыру арқылы оңалтумен және бейімдеумен айналысады. 1968 жылы Кеннеди жанұясы (АҚШ) құрған бұл игі қозғалыс бүкіл әлемді, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Спешиал Олимпикс қозғалысы демеушіліктің арқасында республиканың 14 облысында 7500-ге жуық мүгедек спортшыларды жарыстарға қатыстырып отыр.
Бұл турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан командалар қатысты.
Біздің үздік ойыншыларымыздың AlmaU студенттері - Данияр Жақсылык, Айдар Үсен және Төленді Чаймарданның еңбектерін атап айтқымыз келеді.
"Special Olympics Inc" ережелеріне сәйкес командада зияткерлік ауытқушылықтары бар серіктестер мен атлеттер ойнайды, бұл Юнифайд бағдарламасында жарыстың бірдей болуын қамтамасыз етеді. Жобаның серіктесі Service Learning пәні аясында жұмыс істейтін AlmaU-дың 1 курс студенттері болды.
"Менің ойымша, ойын сәтті өтті, себебі балалардың құштарлығы, олардың белсенділігі мен жақсы әрекеттері жеңіске толы болды. Маусым айының соңында Литвадағы халықаралық турнир кезекті ірі жарыс болады."- дейді команда жаттықтырушысы Гүлнара Боканқызы.
Біздің футболшыларымыз – Алматы қаласының арнайы жалпы білім беру мектебінің түлектері, 2019 жылғы Special Olympics-мини-футбол бойынша қалалық турнирдің жеңімпаздары. Команда Павлодар облысының спортшыларына жол беріп, екінші орынға ие болды. Үшінші орын -Қостанай командасына бұйырды.
ҚР бойынша арнайы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен түлектерінің командалары мини-футболдан өткізілген республикалық турнир – "Юнифайд" арқылы бірлесті. Бұл спорттық іс-шара әлемді жақсы жаққа қарай өзгертеді және республика бойынша мүгедек балаларды ынталандыруда маңызды рөл атқарады.