Рейтинг Quacquarelli Symonds: AlmaU MBA бағдарламасы бойынша әлемдік үздік 200 топқа және Азиядағы ең үздік MBA бағдарламасымен 25 топқа кірді

Жаңалықтар

Қыркүйек 24, 2020

Рейтинг Quacquarelli Symonds: AlmaU MBA бағдарламасы бойынша әлемдік үздік 200 топқа және Азиядағы ең үздік MBA бағдарламасымен 25 топқа кірді

Алматы Менеджмент Университеті Бизнес Жоғары Мектебінің General MBA бағдарламасы ТМД-да QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2021 рейтингінің үздік 200 тобына кіріп, Азиядағы MBA бағдарламаларының 25 тобында 23-ші орынға ие болды.

Әлемдегі MBA бағдарламасының 200 тобы

2020 жылдың 23 қыркүйегінде QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігі QS сайтында әлемдегі қол жетімді ең жақсы MBA бағдарламаларының рейтингін жариялады.

QS Global MBA Rankings 2021 рейтингіне әлемнің 40 елінен 258 университет пен бизнес-мектептердің МВА бағдарламалары қатысты (өткен жылы рейтингке 38 елден 240 мектеп кірген болатын).

Рейтингке   енгізілген елдер мен аймақтар: АҚШ (109 МВА бағдарламасы), Канада (20), Еуропа (70), Азия (33), Латын Америкасы (9), Океания (14).  Ресей елінің атынан екі жоғары оқу орны ММХҚИ Бизнес мектебі мен Қазан федералды университеті қатысып,  201+ орынға орналасты. AlmaU  - ТМД елдерінен рейтингте 151-200   орын алған жалғыз университет болды,  сонымен қатар келесідей университеттер қатысты:

  • University of California San Diego (АҚШ)
  • Shanghai University (Қытай)
  • City University of Hong Kong (Гонконг)
  • Waseda Business School (Жапония)
  • Yonsei School of Business (Оңтүстік Корея)
  • S.P.Jain IMR (Үндістан)
  • University of Exeter Business School (Ұлыбритания)
  • LUISS Business School (Италия)
  • Sydney Business School, University of Wollongong (Австралия)

МВА бағдарламасының ең үздік 10 тобына әдеттегідей Stanford Graduate School of Business (АҚШ), The Wharton School of the University of Pennsylvania (АҚШ), MIT Sloan School of Management (АҚШ), Harvard Business School (АҚШ), Columbia Business School (АҚШ), Haas School of Business, University of California Berkeley (АҚШ), HEC Paris (Франция), INSEAD (Франция), IE Business School (Испания), London Business School (Ұлыбритания).

AlmaU рейтинг талаптары бойынша 100-ден 42,6 ұпай жинады. Бұл нәтиже  БЖМ-ның MBA бағдарламасы 258 қатысушы бизнес-мектептердің ішінен әлемдегі ең жақсы бағдарламалардың 59% -ына кіретіндігін және жыл сайын сапасы айтарлықтай өсіп жатқанын көрсетеді (өткен жылы 100-ден 29,8 болған).

 Ағымдағы рейтингтің нәтижелері бойынша AlmaU-дың БЖМ үздік көрсеткіштері кәсіпкерлік және түлектердің нәтижелері (2020 жылы 125 орын, 2019 жылы 165 орын) және түлектердің жұмыспен қамту (2020 жылы 137 орын, 2019 жылы 167 орын) болып табылады.

Азиядағы үздік 25 топ .....

Almaty Management University МBA бағдарламасы бойынша  Азияда 25 топқа кіріп,  23 орын алды   (рейтинг QS сайтында жарияланған), аталған тізімде университет екі бизнес-мектептің S.P.Jain IMR (Үндістан) мен Shanghai University (Қытай) арасында жайғасты. Ең үздік 5 топқа Сингапурдың (4) және Қытайдың (1): INSEAD Singapore, ESSEC Singapore, National University of Singapore, Nanyang Technology University Singapore, CEIBS (Қытай) бизнес мектептері енді.

Азиядағы MBA бағдарламаларының рейтингі 33 үздік бағдарламамен ұсынылған (2019 жылы 25 болды), олардың тізімінде AlmaU БЖМ-нің МВА бағдарламасы Азия аймағы бойынша орта көрсеткіштерге сәйкес болды: жұмыспен қамту - 17 орын, кәсіпкерлік және түлектердің нәтижелері - 19 орын алды.

QS  Global MBA Rankings: Asia-2020 -да AlmaU ең үздік 25 МВА бағдарламаларына кірді. Сонымен қатар бұл рейтингке кірген елдер: Пәкістан, Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай, Жапония, Гонконг, Үндістан бизнес мектептері мен 2 multi campus университет болды. Рейтингке 2020 жылы азиялық бизнес-мектептер көбірек қатысып, бәсекелестік артты.

Регион

количество участников в 2019 году

количество участников в 2020 году

Азия

25

33 (+8)

США

105

109 (+4)

Европа

65

69 (+4)

Канада

18

20 (+2)

Океания

14

14

Латинская Америка

10

9 (-1)


Анықтама:

*QS Global MBA Rankings - Quacquarelli Symonds-тың MBA бағдарламалары бойынша 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін ең үздік университеттердің әлемдік рейтингі. 2020 жылы рейтингке 258 бизнес-мектеп кірді, 2019 жылы - 240, 2018 жылы - 232. QS рейтингіндегі әлемнің ең үздік университеттері бес критерий бойынша бағаланады: жұмыспен қамту (40%), инвестиция қайтарымы (20%), кәсіпкерлік және түлектердің нәтижелері (15%), ойлау көшбасшылығы (15%), әртүрлі (10%).

**QS World University Rankings - Quacquarelli Symonds атты ең үздік университеттердің әлемдік рейтингі,  2004 жылдан бастап жыл сайын жарияланып отырады.

*** QS Global MBA рейтингіне ену үшін Бизнес мектеп кем дегенде бір MBA бағдарламасы бойынша түлектер шығаруы керек және бизнес білім беру саласындағы әлемдік төрт аккредитацияның біреуіне ие болуы тиіс (AACSB - 57 елден 876 бизнес университет, AMBA - 57 елден, 275 бизнес мектеп,  EQUIS - 45 елден 189 мектеп немесе EPAS  - 90 университеттің 124 бағдарламасы). Рейтинг 13 индикаторға және 5 критерийге сүйеніп өткізіледі, оның ішінде: бизнес мектептерінің академиядағы және жұмыс берушілер арасындағы беделі, MBA студенттерінің оқуын аяқтағаннан кейінгі жалақысының өсуі және тағы басқада талаптар.

 

QS Global МВА рейтингі туралы толық ақпарат: https://www.topuniversities.com/mba-rankings/methodology

Бөліс: