«Миссия 2030» Іскерлік ойыны өтті

Жаңалықтар

Қазан 20, 2022

«Миссия 2030» Іскерлік ойыны өтті

2022 жылдың 20 қазанында AlmaU студенттерге арналған «Миссия 2030» іскерлік ойыны өтті. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) жүзеге асыру тақырыбында өтті. Іскерлік ойынды AlmaU ректоры Күренкеева Гүлнар Тұрдалықызы ашты.

Ойынға Нархоз, ҚМЭБИ, ҚазҰАИУ, ҚазҰУ, ҚБТУ және AlmaU-дан 54 студент қатысты. Сайыс «Game of goals» ойынымен қыза түсті. Шара соңында әр командадан қатысушы «Тұрақты дамудың 17 мақсатының қайсысын таңдайды? Қазақстанда тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қандай ұсыныстар бар? Неліктен ол маңызды?» деген мәселелерді талқылады.

«Миссия 2030» іскерлік ойынын Тұрақты даму орталығы «SDG Legion» студенттік клубымен бірге өткізді.

Іскерлік ойынның мақсаты – жастардың ойындағы бірінші кезектегі міндеттерді анықтау, тұрақты даму мақсаты туралы білімдерін арттыру.

Іс-шара БҰҰДБ және Азия даму банкінің әдістемесі бойынша әзірленген. Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Экономикалық зерттеулер институтынан 4 модератор қатысты. Іс-шарада ТМД Ұлттық комиссиясының хатшысы Экономикалық зерттеулер институты өкілдері бой көрсетті.

Бөліс: