Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің тамақтануы бойынша зерттеу нәтижелері
5 ақпан 2020 жыл, Қазақ тағамтану академиясы, «Аман-саулық» ҚҚ және Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU) Алматы жоғары оқу орындары мен колледждері арасында студенттердің тамақтануы бойынша зерттеу нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді. Іс шара аясында Қазақ тамақтану академиясының академигі және президенті Төрегелді Шарманов, «Аман-саулық» ҚҚ президенті, дәрігер Бақыт Түменова және AlmaU университетінің оқытушысы Гүлнар Әсемқұлова зерттеу нәтижелерін көрсетіп, ҚР оқу орындарында дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша ақпараттық жұмысты жүргізу қажеттігі туралы сөз қозғады.
«Біз жиі ауырамыз және ерте өлеміз. Себебі өз денсаулығымызға немқұрайлы қараймыз. Әлемде бәрі тез өзгеріп, өмір арнасы біздерді де өзгертуде. Сондықтан дені сау, табысты болып, ұзақ әрі белсенді өмір сүру үшін өз өмірінді жақсы жаққа бұру керек. Ал біздің міндетіміз - жастарды дұрыс тамақтануға дағдыландыру»,- деді Төрегелді Шарманов.
Зерттеу жүргізу үшін AlmaU Университетінің 1 курс 21 студенті тартылды. Жобаның далалық іс-шаралары 2019 жылдың 25 қыркүйегі мен 25 қарашасы аралығында өтті. Зерттеу барысында AlmaU, ҚазҰУ, АЭЖБУ, ЕЮА, КНТУ, ҚазХҚӘТУ және ҚАУ, Тұран, АМЖТ колледждерінің студенттері қатысты. Барлығы 1049 респондент сұралды, оның ішінде 652 ЖОО студенті және 397 колледж студенті.
Зерттеудің ең маңызды мәселелерінің бірі-тамақтанудың толықтығына бағытталды. Респонденттерге қандай тағамды жиі қолданатындарын көрсету ұсынылды.
ЖОО студенттері: Колледж студенттері:
фаст-фуд - 35,8% фаст-фуд - 28,7%
тек фаст-фуд-8,1% тек фаст-фуд-9,6%
тәтті снектер-23,3% тәтті снектер-31,5%
тәтті газдалған сусындар-22,5% тәтті газдалған сусындар-28,7%
жеміс шырындары-20,3% жеміс шырындары-33%
энергетикалық сусындар-15% энергетикалық сусындар-22,4%
Жоғары оқу орындарының сұралған студенттерінің 31% - ға жуығы және колледждердің сұралған студенттерінің 24% -ы денсаулықтарындағы проблемаларды осы тамақтануға байланысты екенін мойындайды. Бұл ретте ЖОО студенттері 69% - да, колледж студенттері 56% - да медициналық көмекке жүгінген. Тамақтануға байланысты ең көп таралған проблемалар улану, гастрит, асқазан жара, панкреатит, аллергия, тері бөртпелері және т. б. мәселелері болды.
«Толыққанды тамақтану жастар денсаулығын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Алынған мәліметтер студент жастардың дұрыс тамақтанбауға байланысты барлық қауіп факторларын жете бағаламайтынын көрсетеді. Алматы студенттерінің көпшілігінде асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар, көпшілігі гастрит, асқазан жарасы, панкреатит, тері бөртпелері және аллергия сияқты ауруларға тап болған. Біздің физикалық денсаулығымыз, өмір сүру ұзақтығы, иммунитет және зат алмасу жай-күйі салауатты тамақтанумен тікелей байланысты. Ересек жаста денсаулықтың ауыр проблемаларын болдырмау үшін бұл туралы бүгін ойлану қажет. Сондықтан Қазақстанның барлық оқу орындарында дұрыс тамақтануды насихаттайтын ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет деп есептеймін»,- деп атап өтті Бақыт Түменова.