«Шектеусіз мүмкіндіктер» жобасы ЕВРОБАК-та марапатқа ие болды!
Кеше Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы ұйымдастырған әлеуметтік-корпоративті жобаларды марапаттау салтанаты өтті (ЕВРОБАК). «Студенттерді қолдау» номинациясында AlmaU Бизнес Жоғары Мектебі «Шектеусіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл марапатты ұйымдастырушылар жоғары оқу орнының проректоры Руслан Қожахметовке табыс етті.
ЕВРОБАК байқауының басты мақсаты - Қауымдастық құрамына кірген компанияның белсенді әлеуметтік позициясын мойындау. Байқау басталғалы оған 100-ге жуық қазақстандық компаниялар 120 –дан астам жобамен қатысты. Биыл қатысуға 30 ұйым өтінім берді, соның ішінде Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) де бар.
AlmaU –дың Бизнес Жоғары Мектебі «Шектеусіз мүмкіндіктер» жоба әрі байқауды өткен жылдың көктемінде бастаған болатын. Университетіміздің жобасы арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға МВА бағдарламасында 100%-дық әлеуметтік грантта оқуға жағдай жасалды. І кезеңде құжаттарын тапсырған 30 ізденушінің 8-і МВА бағдарламасында оқуға грант және жеңілдік алды, қазір олар AlmaU-да білім алып жатыр. Биыл байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Алматыда, Астана мен Шымкентте, Атырау мен Қызылордада 100%-дық 5 грант жарияланды (Толығырақ - http://bit.ly/1Lwrm6i).
ЕВРОБАК –тың атқарушы директоры Юлия Кусиди байқау туралы былай дейді: «Іріктеу кезінде қатаң талаптар қойылды, мәселен: жобаны мемлекет органдарының қатысуынсыз жүзеге асыру; компания тауарлары мен қызмет көрсету түрлеріне ашық жарнаманың болмауы; жобаға жұмсалған уақыт; жобаны іске асыруға жұмылдырылған адамдар саны;ең бастысы, жобаның қаншама адамға ықпал етуі және олардың өмірін жақсы жағына өзгертуі».
«Балаларға қолдау» номинациясында өздерінің «3.2.1 Старт!» жобасымен «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясы аталып өтті, «Ардагерлерді қолдау» номинациясында - «Ардагер теміржолшыларға қолдау» жобасымен «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы, ал «Әртүрлі әлеуметтік топтарды қолдау» номинациясында ЕВРОБАК «Батыс Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігіне әлеуметтік қызмет көрсету саласында КЕҰ институционалды дамыту» жобасымен «Би Джи Казахстан» компаниясын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар «Филип Моррис Казахстан» ЖШС компаниясын «Алматы облысы Іле ауданында әлеуметтік мәселелерді шешу» жобасы үшін марапаттады.
Біз жеңісімізге қуаныштымыз әрі жеңімпаздарды құттықтаймыз!