AlmaU Президенті Мадридте өткен жоғары білім туралы конференцияға қатысты

Жаңалықтар

Наурыз 29, 2018

AlmaU Президенті Мадридте өткен жоғары білім туралы конференцияға қатысты

5-6 наурыз күндері Almaty Management University президенті  Мадридте өткен «Reinventing Higher Education» Халықаралық  конференцияға қатысты Жоғары білімді қайтадан алу»).

Конференцияны IE University (Instituto de Empresa, Испаниядағы және Еуропадағы  №1 кәсіпкерлік институты) Британ кеңесінің қолдауымен менеджмент университеттерді, саясаткерлерді, кәсіпкерлерді, ғалымдар мен студенттерді БАҚ өкілдерін біріктіріп, зерттеу жұмыстары, жоғары білімді басқару және оның болашағы қалай дамитындығын талқылау   мақсатында ұйымдастырылды.

Африкадан, Еуропадан, Азиядан, Латын  Америкасынан, Жақын Шығыс елдер мен  АҚШ -тан келген сарапшылар жоғары білімнің жаһандық әсері  және оның антижаһандық кезеңдегі мәселесі  туралы талқылады.  AlmaU президенті спикер болды. Асылбек Кожахметов:

«Жаһандану заманында өкінішке орай жоғары білім саласы бірізденіп, стандартталып барады, бізде соңғы 500 жылда университеттер өзгерген емес. 200 жыл бұрын Гумбольдт жасаған зерттеу университеттері бүгінгі күнге дейін сол қалпында қалған.Заман өзгеріп, ел өзгеріп жатыр. Даму деңгейі де әртүрлі: мәдениет пен экономика, білім беру саласы да түрлі жағдайда. Біздерде  аккредитация тек дамыған елдерде ғана құрылған. Дамып жатқан елдерде креативті сапасы бар белсенді түрде жылжып жатқан университеттер жергілікті нарық үшін үлкен маңызы бар. Бұл университеттерде иновациялар пайда боуда, себебі олар тез дамып, өзгеріп жатқан нарық талабына сай болып, үнемі  жаңалықтар ойлап табуы тиіс. Бұл дұрыс бағаланбауда,креативті және жаңа нарық деп емес, дамымаған деп қабылдануда.

Мен университеттердің «макдональдтануы» жайлы айтқан едім, университеттердің барлығы бір типті, себебі аккредитациялардың барлығы бірдей, бір стандарт бойынша жұмыс істеуге тырысады. Егер сен «Мен басқашамын» деп өз пікіріңді айтсаң, олар саған: «Кешір, онда  сен аккредитациядан өте алмайсың» -деп жауап береді. Менің ойымша, дамыған елдердегі дәстүрлі түрдегі зерттеу университеттері үшін бір стандарт, ал кәсіпкер университеттер үшін –басқа стандарт және аккредитацияның  басқаша  түрі болуы тиіс. XXI ғасыр осындай өзгерістерді  талап етуде, қазіргі заманда экономика және білім саласы үшін әлеуметтік жауапкершілік қажет».

ФОТОДА:

Конференция қатысушылары. Сол жақта – ОАР экс-президенті, Нельсона Манделаның әріптесі, ОАР университеті президент, оң жақта - IE (Мадрид) кәсіпкерлік университетінің президенті, ортасында - Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) президенті

Бөліс: