AlmaU өкілі Түркияда Сабанчи Университетінде болды

Жаңалықтар

Сәуір 08, 2016

AlmaU өкілі Түркияда Сабанчи Университетінде болды

Осы күндері Алматы Менеджмент Университеті Базалық дайындық факультетінің деканы  Асылбек Нұргабдешов түркиялық  университеттер өкілдерімен кездесіп жатыр.  8 сәуірде  AlmaU өкілі   Sabanci University-дің  деканы және академиялық мәселелер бойынша проректорымен  арнайы кездесіп, active learning  әдісіне AlmaU  оқытушыларын  оқытатын екі апталық  семинарды өткізу бойынша ынтымақтастық  мәселелерін талқылады.

Active learning – бұл оқудың нәтижесіне жауапкершілікті  білім алушының өзіне жүктеуге бағытталған тәсіл. Оқытушылар ақпарат беруші  емес, дұрысы – арадағы жол сілтеуші, бағыт беруші ғана болуы тиіс. «Аctive learning» ерекшелігі – бұл өз бетінше білім алу және оны студенттік топтарда жұмыс істеу арқылы дамыту.

AlmaU қазіргі уақытта   active learning  тәсілін білім берудің   қағидасы ретінде қолданысқа енгізу мүмкіндігі жайында  Sabanci University-мен  келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл студенттердің бойында өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамытады, оларды мәселелерді шешуге үйретеді. Сонымен, келешекте түлектер тек білім алып қана қоймайды, олар үйренгендерін  күйзеліс, қиын  сәттерде толық тәжірибе жүзінде қолдана алады.

Sabanci University  1996 жылдан бері  жемісті жұмыс істеп келеді. 20 жыл ішінде университет өзін әлемнің үздік университеттері қатарына қосылған  жетекші  оқу орындарының бірі ретінде көрсетті ( QS World University Rankings нұсқасы бойынша) және әлемдегі үздік бизнес мектептердің  бірі болып саналады ( AASCB International нұсқасы бойынша), сонымен қатар Түркияның ең инновациялық университеті болып табылады (Түркия  Республикасы Ғылым, Өнеркәсіп және Технологиялар Министрлігі нұсқасы бойынша).

Sabanci University  оқу үдерісінде  active learning әдісін белсенді түрде қолданады, тәжірибе жүзінде осындай тәсілдеме өз тиімділігін дәлелдеген, түлектердің  95%  бітіргеннен кейін бірден жұмысқа тұрады.

Осындай ынтымақтастық  AlmaU оқытушыларына  студенттердің қабілеттерін жақсырақ аша түсуге мүмкіндік береді әрі білім алушылардың   меңгерулеріне тиіс материалдарын тереңірек түсінуге септігін тигізеді.  

Бөліс: