Лайықты марапатпен құттықтаймыз!
Aлматы Менеджмент Университетіне (AlmaU, бұрынғы ХБА) Eduniversal* халықаралық рейтинг агенттігінің 2015 жылғы «4 пальма бұтағы » марапаты берілді, ол AlmaU-дың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы үздік бизнес жоо екенін дәлелдейді!
Рейтингі қорытындысы ресми түрде , Бостон қаласындағы Harvard University-де (АҚШ) EDUNIVERSAL –дың 8 Дүниежүзілік Конвенциясында 2015 жылдың 12-15 қазанында хабарланған болатын. Бұл марапат AlmaU -дың ғылым және стратегиялық даму бойынша проректоры Дания Асановаға тапсырылды .
Ең алғаш "Үш пальмалық бұтақ" сол кездегі Халықаралық Бизнес Академиясына 2008 жылдың қорытындысы бойынша тапсырылған болатын. Бұл атақ жыл сайын 2013 жылға дейін расталып тұрған, сол кезде ХБА алғашқы рет «4 пальмалық бұтақты» алған болатын. Содан бері, міне, 3 жыл бойы AlmaU 4 пальмалық бұтақты алып келеді, бұл дегеніміз «елеулі халықаралық ықпалы бар топ бизнес-мектебі» дәрежесіне лайық екенімізді көрсетеді. Алған пальмалық бұтақтардың санына қарай рейтингіге қатысушылар жергілікті жерде елеулі ықпалы бар бизнес-мектептер (1 пальма ), аймаққа күшті ықпал ететін жақсы бизнес-мектептер ( 2 пальма), нығайған халықаралық ықпалмен үздік бизнес-мектептер ( 3 пальма) , елеулі халықаралық ықпалы бар топ бизнес-мектептер (4 пальма), күшті ғаламдық ықпалмен әмбебап бизнес-мектептер (5 пальма) деп бөлінеді.
ALmaU 2013 жылы Eduniversal рейтингісі бойынша төртінші пальмалық бұтақты алып, әлемнің топ – 300 үздік бизнес жоо-лары қатарына кірді. Айта кеткіміз келетіні, тек қана қазақстандық екі бизнес- жоо Eduniversal рейтингісіне кіру құрметіне ие болған, олар- ҚазМЭБИ (КИМЭП) және AlmaU. 4 пальма бұтағы 146 пайыздық нәтижемен Aлматы Менеджмент Университетіне тапсырылды; 2 Пальмалық бұтақ, 42 пайыздық нәтижемен, КИМЭП Университетіне берілді – Bang College of business.
Дереккөз: http://www.eduniversal-ranking.com/business-school-university-ranking-in-kazakhstan.html
* Eduniversal жоғары білім беру саласындағы ғаламдық рейтинг агенттігі (Франция, Париж), ол жыл сайын мыңдаған үздік бизнес-мектептерін саралаумен айналысады, сонымен қатар әлемнің 154 елінен 4 мың магистрлік және МВА-бағдарламаларын сұрыптайды. Рейтинг 2007 жылдан бері өтіп келеді.
2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың наурызына дейін әлемнің 154 елінен 1000 үздік оқу орнының декан/ректорлары 2015 жылдың бизнес-мектептерін EDUNIVERSAL –ға ресми сұрыптауға дауыс беруге қатысты.
1000 әлемдік бизнес-мектептерінің ақырғы рейтингісін және толық әдіснамасын EDUNIVERSAL –дың http://www.eduniversal-ranking.com/ сайтынан табуға болады.