Малазия елшісінің AlmaU әкімшілігімен кездесуі

Жаңалықтар

Қаңтар 17, 2018

Малазия елшісінің AlmaU әкімшілігімен кездесуі

16 қаңтар күні Астанада Almaty Management University-дің бірінші проректоры  Алмагуль Канагатова  Малазияның ҚР-дағы елшісі Syed Mohamad Bakri Syed Abd Rahman мырзамен кездесті. Кездесудің мақсаты Малазияның ұйымдары мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты талқылау және серіктестік байланыстарды дамыту.

Малазия елшісі 30-31 мамырдағы  AlmaU-дың халықаралық форумына қатысуға және студенттерге «Елшілік сағаты» аясында қонақ дәріс оқуға дайын екендігін айтты.

Кездесу соңында А.Канагатова Малазияның ҚР-дағы елшілігінің тілек кітабында 2018 жылдың алғашқы жазбасын қалдырды.

Almaty Management University көп жылдан бері Малазия елімен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта AlmaU Малайзияның  4 жоғары оқу орнымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Олар: Куала-Лумпур университеті, Малайзия технология университеті (UTM), Тэйлорс Университеті (Taylor's University) және Universiti Tun Abdul Razak (UNIRAZAK). Негізінен студенттер мен оқытушылардың білім алмасу бағдарламасы және жазғы мектептер бойынша жұмыс жүргізілуде. Былтырғы  оқу жылынан бастап AlmaU –да Куала Лумпур университетінің  12 студенті білім алып жатыр. Студенттер университеттің іс –шараларына, AlmaU-дың халықаралық күніне белсенді түрде қатысады, биылғы оқу жылында өз елдерін таныстырып, байқауда бірінші орынды иемденді. AlmaU-дың 35-тен астам студенті малазиялық серіктес-оқу орындарына білім алмасу бағдарламасы бойынша барып оқыды және жазғы мектептерінде болды. Келесі сапар Big Data (Көп мәлімет) бойынша 2018 жылдың наурыз айына жоспарланған. AlmaU –дың стратегиялық жоспарына сәйкес, малазиялық жоғары оқу орындарымен бірнеше бағыттағы ынтымақтастық жұмыстарды дамыту жоспарланып отыр, атап айтқанда   білім алмасу бойынша студенттер санын арттыру, Малазияда білім алу гранттарына қатысу, тағылымдамадан өту үшін компаниялармен  бірлесе жұмыс істеу.

Бөліс: