Президент Жолдауы: басты өзгерістер – бүгін керек

Жаңалықтар

Ақпан 03, 2017

Президент Жолдауы: басты өзгерістер – бүгін керек

Алматы Менеджмент Университетінде 1 ақпанда жыл сайынғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.   Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 қаңтарда Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын  телеарнада мәлімдеме жасау арқылы жеткізді, ал 31 қаңтарда еліміздің интернет ресурстарында жарияланды.

Бұл кеште әрбір ықылас білдірушінің өзі үшін осы Жолдаудың басым жерлерін,  Президенттің  айтқан ойларының өзектілі мен маңыздылығын атап көрсетуге мүмкіндігі болды.

ЖОО ректоры   Алмагүл Канагатова   Қазақстан халқы өз    құндылықтарын, әдет-ғұрпын берік сақтап келе жатқанының арқасында еліміз қарқынды дамып, өркендеп жатқанын айта келіп: «Өркендеу бос кеңістікте пайда болмайды. Ол көптеген адамдардың аянбай еткен еңбегі, идеялары, құндылықтары. Келешекте бізге құндылықтарымызды насихаттап, көпшілікке тарату қажет. Онсыз алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мүмкін болмайтынына» тоқтала кетті.

Сонымен қатар А. Канагатова  AlmaU бүгінгі таңда  еліміздің президенті өз Жолдауында көрсеткен  жаңаша ойлау мен жаңа идеялар жолында дамып келеді.  «Қарқынды даму» - бұл жай ғана сөздер емес, бұл әлемдік экономиканың дамуының басты үрдісі. «Егер бұрын кішкентайларды жұтқан болса, бүгін баяуларды жұтып қояды, - деп сөзін жалғастырып, – Сондықтан, шындығында,  біз ұстанымдарымызды сақтап, нығайтқымыз келсе, алда болуымыз керек» деді.

Жолдаудың «Сандық Қазақстан» идеясына тоқатала  келе, Алмагүл Медихатовна жоо-мызда 4 ақпанда Инженерлік менеджмент Мектебі аясында Big Data  (Жаһандық деректер) мамандығының ашылатынын айтты. «Бағдарламалық  инженерия, осы саладағы кәсіби басқарушыны дайындау – бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Көбіне, компанияларда мынандай сұрақ туындауы мүмкін:неге менеджмент, бизнес, маркетинг  саласындағы белгілі  жоо  күтпеген жерден  IT және Big Data-мен айналыспақшы деп? Шын мәнінде, мұнда ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Біздің  бағытымыз – AlmaU-ды кәсіпкерлік университет ретінде дамыту, бірақ инженерия  және IT бағытын дамытпай, бірде бір жоғарғы оқу орны озық оқу орнына айнала алмайды. Жолдауда  индустриялық революцияға, технологияға, сандық Қазақстанға ерекше мән беріледі. Бізмағынасын  терең сезінген жолдар бар, ол бүгінгі сандық ұрпақ студенттер, мектеп оқушылары мен сандық ұрпаққа жатпайтын педагогтер арасында алшақтық бар. Сондықтан біз бұрыннан-ақ  Жолдауда айқындалған басты ұғымдармен  өмір сүріп келеміз деп айтуға болады».

Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың кеңесшісі  Ирина Хан   сөзінде  Жолдаудағы адами капиталдың дамуымен байланысты басымдықтар  оны философ ретінде  қызықтырғанын айта кетті: «Адами капитал дегеніміз не? Шынын айтқанда, ол адам саны ғана емес немесе  гендерлік, жасына қарай әлде  кәсіби нышанына қарай бөлу емес қой.  Негізгі бөлу қағидасы: бұл белсенді ( жан-жақты белсенді) және енжар адамдар деп бөлінуі, себебі кей адамдар оянады, таңғы асын ішеді, араласатын ортасы, ұйықтайтын жері бар, оған бақа ешнәрсе керек емес, болды.  Мұндай өмір сүру тәсілі де қонымды,  егер адамға ұнаса, басқа мақсаты болмаса. Бірақ, егер адамның, әсіресе, жастардың өршіл мақсаттары, алға қойған міндеттері болса, онда басқаша, өзге форматта өмір сүргісі келмей ме? Қаншалықты мақсатты жоғары қоямыз, соншалықты биік жетістікке жетеміз. Сондықтанда Президентіміздің бізге жеткізгісі келетін ұғымы: талаптану, ұмтылу шегі биік болуы керек. Бос, керек емес, қол жетерлік мақсаттар қоймау керек. Президенттің барлық Жолдауында еліміздің алдына биік мақсаттар қойылады. Небәрі 20 жыл бұрын алғашқы жаңғырту кезеңі-90-шы жылдар  өтті,  ол кезде қылмыстың  өршіп, ұрылар бәрін билеп, балаларымызға кім болғың келеді деген  сұраты қойғанда  «Рэкетир» боламын деген жауапты еститінбіз. Жаңғыртудың екінші толқыны өтпелі кезеңді өтіп, нарықтық экономикаға келдік, бұл  кезеңде кітап, өнер, идеология құндылыққа айнала бастады. Ал қазір үшінші кезең басталды.   Бүгінгі кешіміздің себебі сол, осы кезеңді   талқылауға жиналып отырмыз.  Елбасының Жолдауында біз жаһандық бәсекелестік кеңістігінде өмір сүрмекшіміз делінген. Біз өркендеуге, басқа елдермен бәсекеге түсуге дайынбыз деп айтылады».

«Қоғаммен байланыс» мамандығының 3 курс студенті Аслан Бексұлтан студенттер үшін Жолдаудың еңбек нарығын жаңғырту керек деген бөлігі маңызды екенін айтты: «Бүгін біз – студентпіз, ал ертең –компания қызметкері,  мүмкін өзіміз жұмыс беруші болармыз. Сондықтан  біз нарықта не болып жатқанын білуіміз керек, өзіміздің мүмкіндіктерімізді, қайда жылғымыз келетінін білуіміз керек. Сонымен қатар біз үшін бизнес ортаны түбегейлі өзгерту туралы түрткі ой  да маңызды. Өз стартапыңды қай салада дамытқан тиімді? Ол ( стартап бизнес жоба) қандай талаптарға сай келуі керек? Қандай көлемдегі несиеге үміттіне аламыз? Осы сұрақтардың бәріне жауапты Жолдаудан, заңнан, Президент Жарлықтарынан, Үкіметтің Қаулыларынан  таба аламыз. Сонымен, Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында келешегі бар салалармен айналысу керек екенін атап кеткен: 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді интернет,байланыс, сандық  технологиялар және т.б. Міне, аз уақыт ішінде адами ресурстарды  компьютерлер, роботтар және жасанды   интеллект алмастыра алады. Осы тұрғыда маңыздысы, біз, студенттерге қайда бағыт алу керек екенін білу үшін  еңбек нарығындағы, экономикадағы  трендіні, сұранысты білуіміз қажет».

Студенттер, олардың арасында клубтардың өкілдері және белсенділері Жолдауды қалай түсінетіндерін ортаға салды, ойларымен, күдіктерімен, үміттерімен бөлісті.  Дегенмен, студенттер реформалар мен өзгерістер келешекке ғана бағытталмай, бүгіннен басталса деген пікірлерін  айтты.  

Бөліс: