КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ «KASIP FEST» КӘСІП ТАҢДАУ –АҒАРТУ ФОРУМЫ

Жаңалықтар

Қараша 27, 2018

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ «KASIP FEST» КӘСІП ТАҢДАУ –АҒАРТУ ФОРУМЫ

2018 жылдың 24 қарашасында «Almaty Arena» Мұз сарайында Алматы қаласының 11-ші сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру бойынша алғашқы «KASIP FEST» кәсіп таңдау-ағарту Форумы өткізіледі. Форумға мектеп бітіруші сыныптардың 7 500-ден астам оқушысы, сондай-ақ, директорлар, оқу меңгерушілері, сынып жетекшілері қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазан айындағы Халыққа Жолдауының II тарау  3 тармағының аясында орта мектепте кәсіптік диагностика және оқушыларды сұраныстағы мамандықтарға бағыттау жұмысы бойынша  «EDTECH-KZ – Клуб ЮНЕСКО» Халықаралық білім беру орталығы Алматы қаласының Білім беру басқармасымен бірге KASIP жобасын іске асыра бастады.

Жобаның мақсаты: оқушыларға кәсіпті саналы түрде таңдау және өздерінің өмірлік икемділігін іздеу үшін білім, шабыт және ынта беру.

Жоба бірнеше кезеңде іске асырылады.

Қыркүйек айында 200-ден  астам мектеп психологтары «ҚР мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізудің жаңа технологиялары мен тиімді әдістерін» оқыту семинарларынан өтті.

Қазан айында 7 500 астам 11-ші сынып оқушылары KASIP TEST жүйесі бойынша online кәсіптік диагностикасынан өтті, бұл жүйе әр оқушының жеке қабілеттерін, кәсіби қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қандай да бір кәсіпті игерудегі шынайы қабілеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Кәсіптік диагностика қорытындылары бойынша оқушыларға ҰБТ тапсыру үшін оқудың бейінді бағытымен бейінді пәндері ұсынылды.

24 қарашада «KASIP FEST» кәсіп таңдау Форумы жобасының үшінші кезеңі өтті. Оған Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары қатысты.

AlmaU, еліміздегі алғашқы  кәсіпкерлік университет ретінде форумда "Бизнес және кәсіпкерлік" бағытындағы мамандықтарды ұсынды.

Спикер  ретінде AlmaU түлектері:  кәсіпкер-Абылай Юсупов  Upgrade Group негізін қалаушы және танымал instagram блогері және кәсіпкер -Біржан Әшім қатысты.

Біржан кәсіпкердің кім екенін және кәсіпкерлік қызметтің артықшылықтары жайлы айтты: «Кәсіпкерлер өздерінің өнімдері, қызметтері, компаниялары арқылы әлемді жақсартуға тырысатын креативті адамдар»-деді. «Кәсіпкерлер-өз өнімдерінің, қызметтерінің, компанияларының көмегімен әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетін шығармашылық тұрғыда ойлайтын, креативті адамдар. Ал бірінші кезекте кәсіпкерлік-бұл еркіндік. Ал еркіндік-әлемдегі ең жақсы сезім!»- деді спикер өз сөзінде.

Білім саласындағы кәсіпкер Абылай Юсупов табысты кәсіпкер болу үшін өз қалауымыз бен идеяларымыздың болуы жеткіліксіз екенін атап өтті: «Кәсіпкерге сонымен қатар білім керек. Шығармашылық тұрғыда ойлай білу қажет, эмоционалдық интеллект, өмірлік дизайн, service learning (қоғамға қызмет ету), бизнес философия, идеяларды қалыптастыру жайлы білуі тиіс. Мұндай жаңа білімдер қазір кәсіпкерлік пен бизнесте белсенді түрде қолданылуда»-деді.Сондай-ақ, баяндамашылар нақты жағдайларды мысал ретінде айтып,  Coca cola және Google сияқты алып компаниялардың кәсіпкерлік қыр-сырымен бөлісті.

Баяндамашылар ерінбей еңбек етуге, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды. Себебі залда болашақ Стив Джобс, Марк Цукерберг және Илон Мускель сияқты жігерлі жастардың отыруы мүмкін деді.

Жобаның соңында жоғары оқу орындарын таңдауға арналған  «KASIP UNIDAYS» атты фестиваль өткізіледі. Оқушылар Алматы қаласы жоғары оқу орындарының «ашық есік күні» топтамасына-іс шарасына  қатысады.AlmaU мектеп және колледж түлектерін, сондай-ақ ата-аналарды 23 желтоқсанда Рождестволық ашық есік күніне шақырады. Біздің хабарландыруларымыздан хабардар болыңыздар.

Бөліс: