inDriver негізін қалаушысы студенттермен кездесті

Жаңалықтар

Қазан 03, 2022

inDriver негізін қалаушысы студенттермен кездесті

inDriver негізін қалаушысы Арсен Томский «Якутиядан Кремний алқабына дейін» кітабының тұсауын кесті. 279 беттен тұратын кітапта Якутиядан шыққан технологиялық кәсіпкердің жүріп өткен жолы баяндалады.

О баста орысша жазылған кітаптың қазақша аудармасы AlmaU қабырғасында  қазақ оқырмандарына ұсынылды. Кездесу кезінде Арсен Томский кәсіпкер болу үшін адам өзіне қандай сұрақ қою керегі жайлы айтып берді.

 

Жетістікке жету үшін 2 сұраққа жауап іздейміз

Ең біріншіден, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздеу қажет. Ал сосын істеп жатқан не істегісі келетін жұмыстың мәні мен маңыздылығы неде екенін түсінуіміз шарт. Бұл екі сұрақтың жауабын тапқан адам өмірлік құндылықтарының тізімін жасағаны дұрыс екен. Адам табиғаты мен қағидатына қарсы шықпай, істеп жатқан жұмысында ақшаны я нәтижені емес, процестен рахаттануды бірінші орынға қойса, міндетті түрде жетістікке жетеді. Мен ешқашан ақшаны бірінші орынға қойған емеспін. Жалпы, фокусым нәтижеде емес, процесте болатын. Соның арқасында нәтижеге байланбайтынмын» деді Арсен Томский. Сонымен қатар кәсіпкер лайфограмма техникасымен таныстырды.

Бөліс: