ХБА колледжіне арналған ашық есік күні
Сенбіде, яғни 21 қарашада Алматы Менеджмент Университетінде ХБА колледжінің 3 курс студенттеріне арналған ашық есік күні өтті. Осы іс-шараны ұйымдастырған AlmaU операциялық маркетинг және қаржылық қолдау бөлімі қызметкерлері мен студенттер болды.
Бұл күні Университетке 100-ден астам түлек пен ата-ана келді.
Университеттің холында таңертеңнен бастап қонақтар жиналып, оқу орнының жоғары мектептерімен танысып, университеттің студенттері мен өкілдеріне өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Жастар AlmaU тақтасына өз тілектерін жазып, суретке түсті.
Іс-шара аясында Маркетингтік коммуникациялар және клиенттермен жұмыс басқармасының директоры Карина Сычеваның беташар сөзінен кейін университеттің презентациясы жасалды. Содан кейін балалардың алдына жоо академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Гайдар Утешев шығып сөйледі. Ол студенттердің қандай академиялық ұтқырлық және алмасым бағдарламаларын пайдалануларына болатынын айтып берді. «Сұрақ-жауап» интербелсенді модуль кезінде қонақтар қатты қызығушылық танытқаны соншалық, ұйымдастырушылар келешек ықтимал студенттердің сұрақтарына жауап беріп үлгере алмады.
Ашық есік күні іс-шарасының маңызды бір бөлігі, бұл- сынамалық кешенді тест тапсыру, тест жастарға мүмкіндіктерін байқап, алдағы сынаққа дайындалу керектігін көрсетеді.
Тест аяқталғаннан кейін жастарға кофе-брейк ұйымдастырылды, бұл жерде де олардың қалып қойған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндіктері болды.