Корпоративтік басқару жайлы AlmaU мен Qazaq Independent Directors әзірлеген білім беру бағдарламасы дайын
2023 жылдың 2 ақпанында AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева мен Qazaq Independent Directors-тың (әрі қарай – QID) атқарушы директоры Ерлан Бейсембинов әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт негізінде екі тарап бірнеше білім беру бағдарламасын ойластырды:
«Тәуелсіз директор. Табысты мансап» 3 күндік түскі бағдарламасы. Директор кеңесіне дайындайды әрі коллегиалды органдарда тиімділікті арттыру бойынша білім беріледі. Аталмыш бағдарлама арнайы түсінік аппаратын меңгертіп, корпоративті басқару бойынша базалық білім ұсынып, қатысушыларға болашақта өз бағытын табуға көмектеседі.
6 аптаға созылатын «Инновациялық корпоративті басқару» бағдарламасы. Курстың мақсаты – комитеттердің жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру, корпоративті басқарудың рөлі мен жаһандық стандарттар жайлы айту, ішкі аудит, кадрлық саясат пен жұмысты бағалау көрсеткіштері, ESG стандартын енгізу бойынша терең білім беру. Сонымен қатар қарым-қабілеттерді меңгеру, корпоративті шешім қабылдап үйрену үшін кейстерге талдау жасалынады.
Келісімшарт аясында корпоративті басқару жайлы әңгіме қозғамау мүмкін емес. Qazaq Independent Directors Ассоциациясының Консультативті кеңесінің мүшесі Әлихан Байдүсенов пен Polymetal-дың тәуелсіз директоры, AlmaU-дың Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жанат Бердалина сұхбаттасты.
«Қамқоршылық кеңес ақысыз негізде жұмыс істейді. Мұнысы дұрыс. Егер ол коммерциялық құрылым болса, директорлар кеңесі тәуелсіз директорлармен қоса сыйақы алады. Меніңше коммерциялық емес ұйымдарға қойылатын талап айрықша жоғары. Олар өмірге енгізілуі керек принциптерді емес, басқа жоғары принциптерді басшылыққа алады. Мысалы, қазір осы сұхбаттан кейін проректормен кездесемін. Екеуміз студенттердің сабаққа қатысуын талқылаймыз. Негізі, бұл Қамқоршылық кеңесінің де, төрайымның да айналысатын тірлігі емес. Бірақ мойнымдағы жауапкершілікті сезінемін. Коммерциялық емес ұйымда өзіме талапшыл келемін»,-деді Жанат Бердалина.
Әлихан Байдүсенов атап өткендей, корпоративті басқаруда белгілі бір мәселелер бар. Олар баяғыдан бері шешілмей келеді. Форумдардың алаңында, дөңгелек үстелдерде айтылады. Бірақ әрмен қарай тәжірибеге енбейді.
«Qazaq Independent Directors ассоциациясы AlmaU-мен бірігіп білім беру бағдарламалары арқылы қазіргі және келешек тәуелсіз директорларға теорияны өмірге енгізуге көмектеседі деп ойлаймын»,-деді Әлихан Байдүсенов.
Бағдарламалар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, eec@almau.edu.kz поштасына жолдаңыз.