"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру үшін конкурсты өткізу туралы
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары атты № 124 бұйрығына сәйкес (2020 жылғы 30 қазандағы өзгерістермен және толықтырулармен), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2021» конкурсы жарияланады.
Конкурс ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы (https://universitycontest.iac.kz/) келесідей конкурстық құжаттамаларын жібереді:
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім (1- қосымша);
- Сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (2-қосымша);
- Жылдық жұмыс жоспар-кестесі (3-қосымша);
- Кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
- Дауыс беру нәтижелері бар Мектеп мәжілістерінің хаттамалары.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 1-11 қараша аралығында (қоса алғанда).
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беруге арналған республикалық конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу туралы Ереже төмендегі сілтеме бойынша жүктелген.
https://drive.google.com/drive/folders/1HnBMsQbs8Mo4JoiFJU0t1Vcx1rwXyxRp?usp=sharing
Сіздерге сәттілік тілейміз!
Толық ақпарат алу үшін Педагогикалық шеберлік басқармасына хабарласыңыз:
Айжан 313 29 49 (ішкі нөмір 115), ұялы тел. 8 708 769 65 50
425 кабинет
Құрметпен, Педагогикалық шеберлік басқармасы