AlmaU Студенттік кеңес президенттігіне үміткерлердің бағдарламаларын жариялауы

Жаңалықтар

Қазан 01, 2019

AlmaU Студенттік кеңес президенттігіне үміткерлердің бағдарламаларын жариялауы

30 қыркүйек күні AlmaU Студенттік Кеңесінің президенттігіне үміткерлердің бағдарламаларының тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында  олардың әрқайсысы алдағы уақытта  студенттік өмір мен университетті дамыту туралы өз жоспарларын ұсынды.

AlmaU-дың Студенттік кеңесі университеттің қуатты, маңызды бөлімі болып табылады. Ол жаңа идеялардың бастамашысы екендігі белгілі және де студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы байланыстырушы буын. Осыған байланысты Студенттік кеңестің Президенті өз кезегінде университеттің бет-бейнесі және студенттер үшін үлгі болып табылады.

"Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" мамандығының 2 курс студенті Амир Қайдаров және "Менеджмент" мамандығының 2 курс студенті Борис Мирных үміткер ретінде қатысты.

Әр үміткер өзінің  даму бағдарламасын ұсынды, университет болашағы  жайлы өз пікірлері мен көзқарастары туралы айтты  және AlmaU Студенттік Кеңесінің даму жайлы  мақсаттары туралы әңгімеледі.

Борис Мирных  өз тұсаукесерін "AlmaU-ға өзгерістер қажет" - деген сөзбен бастады. Ол - белсенді, 34 іс-шараның ұйымдастырушысы және қатысушысы. Борис университет пен студенттердің игілігі үшін жұмыс істейтін "Unity – бірлікті" құру туралы жоспарлап отырғанын атап өтті. Өз сөзінде Борис университет дамуын көздейтін мынандай  басты мақсаттар жайлы айтты:

  • іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
  •  студенттік өмірді жаңа деңгейге көтеру;
  • студенттік клубтарға қолдау көрсету;
  • AlmaUnion жобасын әзірлеуді аяқтау;
  • AlmaU-дың  өлшем- талаптарынін жаңарту.

Борис өз сөзін «Бірде бір мәселе –тыңдалып, талқыламайынша шешілмейді» деген сөздермен аяқтады.

Екінші болып президенттікке үміткер Амир Кайдаров сөз сөйледі. Ол- 50-ден астам студенттік іс-шаралардың ұйымдастырушысы және «Алтын Тамға 2019» жүлдесінің иегері, «Жыл-Hunter-і». Үміткер әр студенттің басты қасиеті патриот болу –деп айтты. Өзі үлгі ретінде университеттің патриоты болып, белсенді студенттерден команда құрып, AlmaU-ды жаңа деңгейге көтеретіндігін мәлімдеді. Студенттік кеңесті басқару кезіндегі негізгі мақсаттарын көрсетті:

  • оқуға жеңілдіктер беру,
  • шебер-сабақтар  өткізу,
  • университет президенті және ректорымен түскі ас,
  • AlmaU түлектерімен кездесу,
  • "Алтын Тамға" сыйлығымен марапаттау және т.б.

Тұсаукесердің соңында қарсыластар "сайлау әділ және адал болуы керек" деп қосты және өз достары мен курстастарына дауыс беруде шынайы болу қажеттігін ескертті.

 

Бөліс: