Жаһандану туралы, қазақстандықтардың қонақжайлылығы және Қытай келешегі
2015 жылдың 23-26 қыркүйегінде Алматыда CEEMAN-ның 23-ші Жылсайынғы Конференциясы «Оқшаулану Жаһанданудың көшбасшылығына қарсы және серпінді дамып жатқан қоғамда менеджментті Дамыту» деген атаумен өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар CEEMAN (Словения) және Almaty Management University (бұрын ХБА, Алматы).
Конференцияның үшінші күні білім беру және бизнес-сессиялар, пікір алмасулар, семинарлар жалғасты.
Жан-Пьер Леманн мырза, Халықаралық саяси экономика құрметті профессоры, IMD және Evian тобының негізін салушы, Швейцария, «21 ғасырдағы Жаһандану: белгісіздікке бейберекет өту» деген тақырыпта негізгі баяндамамен шығып сөйледі.
Бизнес үшін, бизнес білім беру үшін жаһандану салдары , оның мәселелері, үндеулер, тұжырымдамалар туралы айта келіп, Леманн мырза өз сөзінде : «90-жылдардың басында және ортасында жаһандану толқыны жаңа әлемдік ойыншыларды анықтап беріп еді, олар - Қытай, Бразилия, Үндістан болатын. Егер де осы кезеңге дейін ҚХР кедейшілікпен байланыстырылып келген болса, қытайлықтар, әдетте, жалақысы аз қызмет көрсету салаларында жұмыс істеген болса, 1995 жылдан бастап бұл тұжырым өзгерді. ҚХР әлемдік экономикалық үдерісті қозғаушы, соған қатысушы күштің бірі болып отыр,»-деп айта кетті.
«60-шы жылдары біз американдық кәсіпкерлерден, олардың трансұлттық корпорацияларынан үлгі алған болатынбыз, себебі сол кезеңде олар көшбасшы еді. Бүгін бәрімізге Қытайдан үйрену керек", -деп, қонақ өз сөзін қорытындылады.
Еркін Татишев, Кусто тобы директорлар Кеңесінің председателі (Қазақстан/Сингапур), «Ғаламдық және жергілікті көлемдегі бизнес мақсаттар, оның көшбасшылық пен басқарушылықтың дамуын көрсете алуы» атты сессияда бизнестің адамшылық келбетпен құрылуына көп мән беру керек екенін ерекше атап кетті: «Бизнес жергілікті аймақтан ғаламдық деңгейге көтерілген кезде, оның жергілікті мақсаттарды көздеуші ретінде қалыптасқаны дұрыс. Ол жергілікті халықтың сұранысына сай келген жағдайда табысты болмақшы».
Сергей Мясоедов, Ресей бизнес білім беру Ассоциациясының президенті, қазіргі уақытта ресейлік бизнес білім беру ойыншыларының ұсынымдары нарық сұранысын қанағаттандыра алмайтынына көзі жеткендігін баса айтып кетті. Алайда, Қазақстан үшін де осындай пайымдау әділ сияқты.
Мэл Хорвитч, Орталық Еуропа Университеті Бизнес Мектебінің деканы (CEU), Венгрия, әлемдік бизнес білім берудегі тренділер туралы пікір алмасты. "Бизнес-мектептерге ересектер үшін қосымша білім беруді дамыту қиынға түсіп келеді (executive education). …Заманауи бизнес білім беруде тыңдаушылардың өз бетінше ойлау әдістемесін қолданып, сонымен қатар кооперация негізінде әртүрлі ел мен аймақтардың бизнес-мектептері жаңа курстарды дайындағаны өте маңызды болмақшы".
Алмаз Насыров, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры өз сөзінде: «Қазір әлем тез дамып жатыр. Жаһандануды біз барлық жерде әрі жан -жақтан байқап жатырмыз. Бизнез ЖОО-ға бүгінгі таңда жергілікті немесе ғаламдық ұйым ретінде даму ғана маңызды емес, өз бағдарламаларын, модульдерін әлемдік сұранысты, талаптарын ескере отырып, бейімдеу қажет. Атап айтқанда, экологиялық мәселелер немесе әлеуметтік дағдарысты (мигранттар, босқындар және т.б.)».
Ресми бөлімнен кейінгі жалғасын тапқан Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбына арналған салтанатты дастарқан кезінде қонақтар Almaty Management University жылы қарсы алып, қазақстандықтардың қонақжайлылығын көрсеткеніне ризашылықтарын білдірді, тағы да Қазақстанға, Алматыға оралғылары келетінін айтты. «Біз Қазақстанда бірінші ретпіз, бірақ бізге бәрін көрсетті, тарихтан бастап, мәдениетін, салт-дәстүрін және тағамдарын. Біз жылқы етін жеп көрдік, адамдардың киіз үйде қалай тұрғандарын өз көзімізбен көрдік. Осының бәрін бір келгенде көру бұл таң қалдыратын әсер болды! Ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз,-деп, Словениядан келген Майя Видич өз әсерімен бөлісті..
Салтанатты дастарқанның қонағы «Forbes Kazakhstan» жетекші іскерлік баспасының баспагері Арманжан Байтасов өз инстаграм-аккаунтында былай деп жазыпты: "Міне, біздің Almaty Management University не үшін маған ұнайды, оның себебі кез келген іс-шараны олар мәнді, салтанатты, ауқымды етіп ұйымдастырады. Бүгін Асылбек Қожахметов басқарған команда CEEMAN конференциясының делегаттарын қарсы алды, біздің шетелдік қонақтардың осы Қазақстанға келген сапарларынан қаншама әсер алатынын ойлап көріңізші".
Конференцияның соңғы күні, 26 қыркүйекте Alma University қатысушыларға арнап Алматы қаласының көрікті жерлерімен таныстыру үшін экскурсия ұйымдастырды. Қонақтар Медеуде, Шымбұлақта, Көктөбеде болды, Вознесенскийдің кафедралды соборын тамашалады, соңында Almaty Management University-ге келді. Түскі тамақтан кейін қатысушылар 3 топқа бөлініп, еліміздің бұрыннан келе жатқан жеке оқу орындарының бірі боп саналатын Университеттің атмосферасына еніп кетті. AlmaU инновациялық мұражайында университеттің тарихымен танысып, кітапхананы, сот мәжілісі залын көріп, бизнес-мектеп дәліздерін аралады. Қонақтарға ерекше әсер еткені мұражай болды, әсіресе, қытайлық делегаттарға оның технологиясы қатты ұнады.