AlmaU – дың жаңа жобасы «Дағдыға тұсау: рахаттана оқу және пайдалы ету»
Өмір ағысын дағды баяулатады, таптаурын қылады, бозартады. Болмыстың түрленуі қанаттандырады, шабыттандырады, игілікті көбейтеді. Шабыт пен өмір мәнін іздеу – адамзаттың міндеті. Мүмкін, жақсы әрі пайдалы кітап кездестіру әлдекімге өміріндегі маңызды оқиға болар, құндылығын қайта қарап, эстетикалық рахат алып, интеллектуалдық зердесін толықтырар.
Құрметті AlmaU оқырманы, біз сіздерді «Дағдыға тұсау: рахат пен пайда көре оқу» жобасына қатысуға шақырамыз.
Студент, магистрант, әріптестерге сарапшы ретінде 5 кітап ұсыныңыз. Бәлкім, сол сіз ұсынған кітаптар басқаның дұрыс шешім қабылдауына, жеке ой-өрісін кеңейтуге, түсінігіне не қабылдауына алып келер. Шын мәнінде, жақсы кітаппен кездесу – әлемді игі етіп, айналаға шаттық әкеледі, өйткені әрбір кітап ақыл мен жүрек сұхбатынан туындаған.
Жеке кеңістікті сіз ұсынған кітаппен толтыруды ұсынамыз, неге дәл осы кітаптарды оқу қажет екенін айтып, бірнеше жақсы себеп келтіріңіз.
Сіз ұсынған кітаптар кітапхананың сайтына жазылып, сондай-ақ, болашақта оқырмандар конференциялары мен көптеген іс-шаралар өткізіледі.
Мейлінше қажет және сұранысқа ие көкейтесті, іскерлік, кәсіпкерлік әдебиетті ұсынғандарды арнайы сый күтіп тұр.