Жаңа дәуір білімі
«Бәрін білетін» балаларды не нәрсеге үйретуге болады? Мектепті немесе университетті бітіре сала бізді қоршаған орта, зерделеген заттарымыз туралы бәрін не болмаса бәрін дерлік білеміз деп ойлаймыз. Бірақ бұл олай болмаса ше?
Күмән – дұрыс! Бір нәрсені білмеу – ұят емес! "Креативті ойлау. Ең дарындыларды неге және қалай үйрету қажет" атты семинарын Анатолий Гин осы нақты ережелерден бастады (ТРИЗ), ол ойлап табу міндеттерін шешу теориясы бойынша кеңесші-сарапшы, Education for a New Era" Халықаралық қауымдастығының негізін салушы және ғылыми жетекшісі.
Анатолий Александрович келешек білімі әдістемесін әзірлеуге маманданған: шығармашылық ойлауды дамыту әдістері, оқытудың стандартты емес (ашық, ойлап табу, зерттеу) міндеттерін шешу. Анатолийдің пікірінше, стандартты емес міндеттер – бұл балалар мен студенттерді дамытудың ең озық тәсілі. Өз теориясын спикер ісі жүзінде қолданады, өз балаларын оқытуда ерекше тапсырмаларды қолдануға тырысады. Осындай мысалдар түрін Жазғы мектеп тыңдаушылары да шешуге тырысты:
"Бірінші эскалатор Англияда қосылған. Бірақ алғашында барлығы оған мінуге қорыққан екен. Қарапайым адамдар қорықпай мінулері үшін не ұсынар едіңіз?"
"Бір күні Шерлок Холмс және доктор Ватсон орманда адасып кетеді. Олар құбырға келіп тірелгенде қараңғы түсе бастаған еді. Құбыр қала жақтан жүргізілген, шығарған дыбысына және иісіне қарай таза зат емес.
- Холмс, - деді қатты қуанған Ватсон, - құбырлардың бойымен жүріп отырсақ, қалаға жетеміз. Алайда, қай жаққа барамыз? Мүмкін құбырды сындырып, судың қалай қарай ағып жатқанын анықтаймыз?
- Бұл оп-оңай, Ватсон! Құбырды бүтін күйінде қалдыру керек, - деді де Шерлок, темекісін...
Қаланың қай жақта екенін анықтайтын тәсіл ойлап табыңыздар!"
Семинарға қатысушылар ұсынылған мәселелерді шешуге бар ынталарымен кірісіп, түрлі нұсқаларды айтты. Алайда, спикер қатысушылар тарапынан дұрыс жауаптарды естуді ойламапты да. Практикумның мақсаты – білім беру мекемелерінің өкілдерін ерекше оқыту үдерістеріне мән беруге үйрету.
"Сіз дәстүрлі түрде оқыта аласыз, бірақ сіз қызықтыра алмайтыныңызды байқайсыз, студенттер басқа елге оқуға кете бастайды. Өзгеру керек, ойлау тәсілін өзгерту қажет, соның ішінде оқытушылардың да", - деді Анатолий Гин.