Біз адал болуды қолдаймыз!: AlmaU "Академиялық адалдық үлгісі" аталымымен марапатталды

Жаңалықтар

Желтоқсан 14, 2019

Біз адал болуды қолдаймыз!: AlmaU "Академиялық адалдық үлгісі" аталымымен марапатталды

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мерекесі қарсаңында (9 желтоқсан) Қазақстан астанасында "Адал тұлға – 2019 "Қоғамдық мойындау" атты VII  Ұлттық сыйлықты табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға "А20" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиырма топтың көшбасшылары, шет мемлекетттердің  елшілері, сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттер кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабының мүшелері қатысты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың" төрағасы Төлеген Байгуловтың айтуынша, жыл сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шараның мақсаты:қоғамда әділдік, парасаттылық және адалдық қағидаларын қалыптастыру болып табылады.

"Біздің ойымызша бұл адамдар халық арасында адалдықтың үлгісі  болады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып,  дамытатын болады, адалдық идеологиясын көпшілік арасында насихаттайтын болады" - деп айтты Төлеген Байгулов. Академиялық адалдық үшін "Академиялық адалдық үлгісі" номинациясы бойынша Алматы Менеджмент Университеті мен Нархоз университеті марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта академиялық табыстар тілейміз!


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталыққа зор алғысымызды білдіреміз және одан әрі тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз деген  үміттеміз!

Бөліс: