Қызықты кездесу

Жаңалықтар

Ақпан 17, 2016

Қызықты кездесу

16 ақпанда   Менеджмент, кәсіпкерлік және маркетинг кафедрасы «Сауда маркаларын басқару» пәні аясында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Қонақ дәрісінде   Fashion Week Almaty Astana бас директоры Жанель Бертаева, сонымен қатар «Zherebtsov» сауда маркасының иесі қазақстандық дизайнер  Леонид Жеребцов өз пікірлерін айтты.  

 

Презентациядан кейін студенттермен ашық әңгіме –сұқбат құрылып, жастар қазақстандық сән саласының келешегі, сауда маркаларының  дамуы туралы көптеген  сұрақтар қойды. Қазақстандағы сән индустриясында нарығындағы мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.  AlmaU қонақтары  қатысушылармен сән индустриясында өз жолыңды қалай батауға болатыныны жайында ой бөлісті, қандай қиыншылықтар кездесуі мүмкін, оны қалай игеруге болатыны жайында ақыл-кеңес берді.

 Леонид Жеребцов кездесу соңында биыл сәуір айында болатын Mercedes Fashion Week көрмесінде тамашалауға болатын өзінің  дизайнерлік жұмыстарымен таныстырды. 

Бөліс: