«ЯҚТД режимін нығайту және жаһандық қауіпсіздік: сын-тегеуріндер мен перспективалар» конференциясы

Жаңалықтар

Қазан 26, 2023

«ЯҚТД режимін нығайту және жаһандық қауіпсіздік: сын-тегеуріндер мен перспективалар» конференциясы

2023 жылғы 20 қазанда AlmaU-дың қабырғасында «ЯҚТД режимін нығайту және жаһандық қауіпсіздік: сын-тегеуріндер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны AlmaU-дің саясат және құқық мектебі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,   МИФИ-дың Алматы қаласындағы филиалы, «Томирис» продюсерлік орталығы және «Точка опоры» іскерлік журналы бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның басты мақсаты – әлемдік аренада бейбітшілікке, қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және орнықты дамуға қол жеткізу үшін ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) режимін нығайтуға ықпал ету.

Конференцияның модераторлары – э.ғ.м, Professor of Practice, СжҚМ Саяси зерттеулер орталығының директоры Саари Д. және Саясат және құқық мектебінің Assistant Professor-ы Гусейнов Қ.

Құттықтау сөзі AlmaU-дың ғылым жөніндегі проректоры Сәркеевке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ басқарма мүшесі, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Айтжановаға,  БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі,  БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы Самекке,  Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Пагуош комитетінің мүшесі, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Савельевке және PhD, с.н.с., ҚР ЭМ «Ядролық физика институтының» аға ғылыми қызметкері Сайранбаевқа берілді.

Конференцияның екінші бөлімінде жоспарлы сессия аясында 28 сарапшы өз баяндамасын жасады.  Олар мынадай тақырыптарды көтерді:

1.Ядролық қарудың таралуын болдырмау және таратпау жүйесін нығайту бойынша жаһандық қауіпсіздік-пікірталасты қамтамасыз ету.

2.Ядролық қаруды таратпау саласындағы елдер ынтымақтастығының өңірлік аспектілері – ядролық материалдар мен технологияларды бақылау саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың табысты мысалдарын қарау.

3.Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі атом энергиясының рөлі – электр энергиясын өндіру және энергетикалық проблемаларды шешу үшін атом энергиясын пайдалану тәжірибесімен алмасу.

4.Өнеркәсiп пен медицинада ядролық технологияларды қолдану – өнеркәсiп, медицина және ауыл шаруашылығынан бөлек әртүрлi салаларда ядролық технологиялардың артықшылықтары мен практикалық қолданылуын анықтау.

5.Қазақстанның ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық науқандағы орны мен рөлі – Қазақстанның ядролық қарусызданудағы тәжірибесін және оның ядролық қаруды таратпаудағы жаһандық күш-жігерге әсерін талқылау.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін «Ядролық қаруға тыйым салу науқаны: жаһандық ядролық нөл мүмкін бе?» тақырыбында қысқа пікірталас өтті. Талқылау барысында осы науқанның түрлі аспектілері мен нөлге жету жолдары қаралды.

Бөліс: