«Азаматтық қоғамды дамытудағы университеттердің рөлі» халықаралық конференцияcы
2018 жылдың 9 қарашасында AlmaU-да «Азаматтық қоғамды дамытудағы университеттердің рөлі» атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияны «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ және «Алматы Менеджмент Университеті» БМ ұйымдастырды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер жоғары оқу орындарының қауымдастығы ұйымдастыруға қатысады.
Қазақстандық қоғам қайраткері, бизнес-білім және менеджмент саласындағы сарапшы, Алматы Менеджмент Университеті президенті Асылбек Қожахметов бесінші маусымнан бастап «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті болып табылады.
Қазақстанның Азаматтық Альянсы 2005 жылы құрылған және Қазақстанның барлық өңірлерінде филиалдары бар ірі ҮЕҰ республикалық бірлестігі. Бүгінгі күні ҚАА мүшелерінің саны 500-ден астам. Қазақстанның Азаматтық Альянсының мақсаты - үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық пікір басшыларының алдында мемлекет пен азаматтық сектордың мүдделерін біріктіретін идеологиялық орталықтың рөлін орындау.
Конференцияда елімізде әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына, ұлттық мүдделерге, мемлекет пен қоғамға қызмет көрсетуге, азаматтық сауаттылықты дамытуға және студенттер арасында еріктілер қозғалысының кеңеюіне негізделген жаңа форматтағы университеттерді құру қажеттілігіне баса назар аударылады. Сессия сұхбаттарына қазақстандық жетекші саяси қайраткерлер мен азаматтық қоғам көшбасшылары, ғылыми және академиялық құрылымдардың өкілдері, БАҚ,бизнес және дипломатиялық өкілдер қатысады.
Конференция барысында оқылатын баяндамалар:
1. Дархан Калетаев, Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі
2. Асылбек Кожахметов, Қазақстан Азаматтық Альянс және Almaty Management University Президенті
3. Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы, әлемдік ұйымның Қазақстандағы өкілі.
4. Энни Ло, Вице-президент және Азия-Тынық мұхит аймағында бас директор, Университет бизнес мектептерін дамыту бірлестігі (AACSB) (Сингапур)
5. Арын Орсариев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
6. Айдос Сарым, саясаттанушы, қоғам қайраткері (Қазақстан)
7. Гульмира Курганбаева, Almaty Management University ректоры
8. Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры (Қазақстан)
Конференцияның өтетін орны: AlmaU, Knowledge Building, Розыбакиев к-сі, 227, Алматы қ-сы, Қазақстан
Қатысушыларды тіркеу сайты - http://conference2018.almau.edu.kz/
Байланыс: Рим Абдуллин, rim.abdullin@almau.edu.kz, +7(727) 313-29-58 ішкі нөмір 507, Асель Курмантаева, a.kurmantayeva@almau.edu.kz, +7727 3133074 (ext.506).