Халықаралық Жазғы мектеп – 2016. Басталды!
2-ші шілдеде әсем Ыстық көл жағалауында Қырғызстан Президенті Басқармасының "Чолпон-Ата" шипажайында жыл сайынғы дәстүрлі "Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық білім" атты Халықаралық Жазғы мектеп жұмысын бастады. Бұл Almaty Management University ұйымдастырып отырған іс-шараға шамамен 60 тыңдаушы мен АҚШ, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан спикерлері қатысты.
Жазғы мектеп әр елден, қаладан келген қонақтармен, әріптестермен танысуға тамаша жағдай жасаған Welcome party атты мерекелік кештен басталды. Алдағы бір апта ішінде білім беру саласы бойынша сарапшылар мен жоғарғы оқу орындарының басшылары мен оқытушылары бизнес білім беру бойынша пікір таластар жүргізіп, өзекті мәселелерді талқыламақшы, білім берудегі жаңа бағытты, оқыту сапасын арттыру бойынша өз идеяларын ортаға салады.
Қазірдің өзінде мектеп тыңдаушылары халықаралық сарапшы Katy Kavanaugh (Стэнфорд университеті, АҚШ) өткізетін ойлау дизайны бойынша семинарға қатысып жатыр. Дизайн-ойлау - бұл жаңа әдістеме, оны көптеген салада пайдалануға болады, соның ішінде, білім беру саласында және ол жаһандық реформалар кезінде тиімді жұмыс істейді. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
АҚШ-тан келген қонағымыз Қырғызстанға келмес бұрын AlmaU шақыруымен біздің университетімізде ойлау дизайнынан шеберлік мектебін, сондай-ақ Ақтау қаласында «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» қабырғасында да өткізген.
"Тыңдаушылар кеңінен, сан алуан тәсілмен ойлауды үйренеді. Сондай-ақ, олар өздеріне сенуге үйренеді, өздерінің алғашқы идеяларын қолданып, сонымен жұмыс істеуге дағдыланады. Қысқа, тығыз мерзімде жұмыс жасау уақытыңызды алдағы болатын нәрсені болжауға кетірмеуге мүмкіндік береді. Біз алғашқы идеяларымызға сенеміз, солармен жұмыс істейміз. Біз бірлесіп қимылдауға үйренеміз, айналамыздағы кеңістікті өзгертеміз, адамдармен мүмкіндігінше тиімді қарым-қатынас жасауға қалыптасамыз»,-дейді K. Kavanaugh
Жазғы мектепке қатысушылар бар ынталарымен спикер ұсынған ойындарды үйреніп, дизайн кабинеттерін құрды, мәжіліс залын бірнеше аумаққа бөліп, ойын-сауық, презентациялар алаңын жасады. Бұндай көзқарас Кэтидің тыңдаушыларына идеяларын көрнекілікке айналдырып, көзбен көруге жағдай жасап, бірден оларды бастауға, жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды.
Следите за новостями на сайте Международной Летней школы – www.summerschool.almau.edu.kz
Официальный хештег #AlmaU_summerschool