«МегаШанс» олимпиадасы және «Менің мамандығым» Конференциясы

Жаңалықтар

Наурыз 26, 2017

«МегаШанс» олимпиадасы және «Менің мамандығым» Конференциясы

Қазақстан Республикасы колледждері мен мектептерінің  ТҮЛЕКТЕРІНЕ  арналған  ЖЫЛДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАСЫН  жіберіп алмаңыз! Көктемгі демалысты Алматы Менеджмент Университетімен бірге өткізіңіз!

2 күн - 2  ірі іс-шара!

 

«Менің мамандығым» атты III Республикалық жастар   конференциясы

Конференция саған келешек мамандығыңды дұрыс таңдауға көмектеседі!

«Менің мамандығым» атты Республикалық жастар конференциясы  - бұл Microsoft, Ernst & Young, PwC, Ритц Карлтон, Даму логистика, Chocofamily, Hipo, AB Restaurants, Алматы қаласындағы Invest Қазатомөнеркәсіп сияқты ірі  қазақстандық және халықаралық компаниялардың ТОП-менеджерлерімен қарым-қатынас  мүмкіндігі. Өзіңіздің келешек мамандығыңыздың әлеміне еніңіз!


Арнайы СЕН үшін, біз:
•    AlmaU  және конференция серіктестері атынан фирмалық сыйлықтар мен жүлделерді
•    фотосессияны
•    дәмді кофе-брейкті
•    ҰБТ бойынша өзекті ақпараттарды дайындап қойдық.

Әрбір қатысушыға  - СЕРТИФИКАТ! Орындар шектеулі!

Өтетін күні және уақыты: 2017 жылдың 25 наурызы, басталуы- 12.00

25-26 наурызға іс-шаралар бағдарламасы  ОСЫНДА

Қатысу үшін  сілтеме бойынша  тіркелу керек

 

XIII Республикалық  "МегаШанс" олимпиадасы

Алматы Менеджмент Университеті  жыл сайынғы  XIII Республикалық  "МегаШанс" олимпиадасына тіркеу басталғанын хабарлайды!

AlmaU-да  оқуға ГРАНТ  алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Олимпиада 3 турдан  тұрады:

1. Эссе;

2. Жағдаяттық кейстерді шешу;

3. Екінші, бейіндік пәннен  тестілеу  (мамандықтар тізімі).

«МегаШанс» олимпиадасының гранттары мен жеңілдіктері :

  • 15 жүлдегер (1-орын) түгел  4 оқу жылына  100% грант алады;
  • 15 жүлдегер  (2-орын) түгел  4 оқу жылына   50%  жеңілдік алады;
  • 30 жүлдегер (3-орын) түгел  4 оқу жылына   25% жеңілдік алады.

Білгеніңіз ЖӨН!

  1. Олимпиада Алматы қаласында  AlmaU  университетінде 25-26 наурызда өтеді!
  2. Олимпиадаға  қатысуға  сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өткен 11 сынып және колледж түлектері жіберіледі.
  3. Гранттар мен жеңілдіктер ҰБТ/КТ бойынша өту ұпайын алған жағдайда беріледі.
  4. Гранттар мен жеңілдіктер үлгерім талаптарын сақтаған жағдайда  қалдырылады.
  5. Олимпиада  Инженерлік Менеджмент Мектебі мамандықтарына қатысты қолданылмайды : «Software Engineering – Бағдарламалық  Инженерия» және  «Business Analytics and Big Data – Бизнес Аналитика және Ғаламдық деректер»
  6. 3 тур қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушылар  жеңімпаздар деп танылады!

25-26 наурызға  іс-шаралар бағдарламасы ОСЫНДА

Қатысу үшін  сілтеме бойынша  тіркелу керек

Телефон: 8(727)313-30-90 (93)

Мекен-жайы: Розыбакиев көшесі, 227

Бөліс: