AlmaU-дың МВА және магистратура бағдарламалары әлемнің топ-200 үздік бағдарламалар қатарына кірді

Жаңалықтар

Ақпан 02, 2016

AlmaU-дың МВА және магистратура бағдарламалары әлемнің топ-200 үздік бағдарламалар қатарына кірді

Eduniversal*  халықаралық рейтинг агенттігінің  2015 жылғы қорытындысы бойынша Алматы Менеджмент Университеті  (бұрынғы ХБА) магистратура және МВА –дің 5 бағдарламасы бірнеше әлемдік бизнес-мектептерді басып озып,  атап кетсек, Indian Institute of Technology (IIT), Management Development Institute (MDI), Үндістан және басқа да  арнайы  Eduniversal  аймақтық рейтингі  топ-3  және топ-5  -ке кірді. Сонымен, олардың әрқайсысы әлемдік рэнкингіде  200 үздік бағдарламалар  қатарына қосылды.

Рэнкингіге енген  жалғыз қазақстандық бизнес-мектеп  КИМЭП болды, ол  «Орталық Азия»** аймағындағы сапасы бойынша ұқсас  топ-20-ға  кірген.

 Үздік деп танылған AlmaU бағдарламалары:

  1. «Менеджмент», «Маркетинг», «Экономика», «Жобаларды басқару», «Логистика»  бойынша магистрлік  бағдарламалары экономика бойынша  магистратура бағдарламаларынан  2 – орын алып, 200 үздік бизнес-мектеп қатарына кірді  http://www.best-masters.com/ranking-master-in-kazakhstan/master-economics.html
  2. «Жалпы және стратегиялық менеджмент»  МВА бағдарламасы  ( MSM-мен бірлескен, Нидерланды) – менеджмент бойынша МВА бағдарламалар рейтингісінде  2 –орын алды.http://www.best-masters.com/ranking-master-in-kazakhstan/master-general-management.html
  3. «Басшылар үшін стратегиялық менеджмент»  ЕМВА бағдарламасы (РХШАжМҚ бірлесіп, Ресей) – ЕМВА және Part Time бағдарламалары рейтингісінде   3-орын алды. http://www.best-masters.com/ranking-master-in-kazakhstan/master-executive-mba.html
  4. «Қаржы» магистрлік бағдарламасы  «Орталық Азия» аймағындағы корпоративті қаржы бойынша магистрлік бағдарламалар рейтингісінде  4-орын алды.http://www.best-masters.com/ranking-master-in-kazakhstan/master-corporate-finance.html
  5. Енді, ақыры, қазақстандық МВА бағдарламасы –  Full Time рейтингісінде  МВА бағдарламасы 5-орын алды.  http://www.best-masters.com/ranking-master-in-kazakhstan/master-mba-full-time.html

Рейтингі қорытындылары ресми түрде мына сайтта жарияланған http://www.best-masters.com.

 

Естеріңізге сала кеткіміз келеді, жоғары білім беру саласындағы  ғаламдық Eduniversal (Франция, Париж) рейтингі агенттігі  2007 жылдан бері жыл сайын мыңдаған үздік бизнес-мектептерін, 154 елдің  4 мыңдай үздік магистрлік және МВА бағдарламаларын  рангіге бөлу  бойынша қорытынды жасап отырады.

Рангіге бөлу үдерісі былай жасалады: әлемнің 1000 үздік оқу мекемелерінің декандары/ректорлары бизнес-мектептеріне қатысты  дауыс беруге қатысады  әрі бірнеше талаптарды ескере отырып, ең үздіктерін таңдайды.

Магистратура және МВА бағдарламалары  рейтингісінің әдіснамасына 8 бағыт кіреді , олардың ішінде маңыздырақ  3-еуі мыналар:

1.         Бағдарлама  беделі;

2.         Бітіргеннен кейінгі түлектің  алғашқы жұмыс орнындағы  жалақысы;

3.         Тыңдаушылардың қанағаттанушылығы.

Одан басқа магистратура және МВА бағдарламалары  қосымша ұпай алады  ( кіруге қойылатын талаптарға:  бағдарламаға 7 ұлт өкілінен аса адамның тіркелуі, кем дегенде 3 географиялық  аймақтан, түлектердің 20% -дан көбі шетелде оқиды немесе жұмыс істейді және қашықтықтан оқытудың болуы).

AlmaU –дың  магистратура және МВА бағдарламалары  жоғарыда аталған талаптар бойынша бағаланған, соның қорытындысы бойынша «Орталық Азия» аймағында,  оған Қазақстан, Қырғызстан, Шри ланка, Бутан, Мальдив, Непал, Бангладеш, Үндістан, Пакистан кіреді,   арнайы  Eduniversal  аймақтық рейтингі  топ-3  және топ-5  -ке кірді.

 

Бірінші рет  Eduniversal рейтингі агенттігінің институционалды  "Үш пальма бұтағы" марапаты  2008 жылдың қорытындысы бойынша  сол кездегі Халықаралық Бизнес Академиясына берілген болатын Бұл атақ жыл сайын  2013 жылға дейін  расталып келді, ол кезде ХБА «4 пальмалық бұтақ» алған болатын . Содан бері  AlmaU , міне, 3 –ші жыл 4 пальмалық бұтақ алып келеді, бұл «үлкен халықаралық ықпалы бар үздік бизнес-мектебі» деңгейіне лайық екенімізді көрсетеді.

ALmaU  2013 жылы  Eduniversal  рейтингі бойынша 4 пальмалық бұтақты алып, әлемнің топ-300 үздік бизнес-жоо-лары қатарына кірді. Тек қана екі қазақстандық жоғары оқу орны  Eduniversal рэнкингіне кіру абыройына ие болды, олар  КИМЭП және  AlmaU.  4 пальмалық бұтақ  146% нәтижемен  Almaty Management University-ге берілді; 2 Пальмалық бұтақ  42% нәтижемен  КИМЭП  Университетіне – Bang College of business берілді.

 

Алған пальмалық бұтақтардың  санына қарай рейтингіге қатысушылар былай бөлінеді: күшті ғаламдық ықпалы бар әмбебап  бизнес-мектептер (5 пальма -  100 мектеп мадақталады), үлкен халықаралық ықпалы бар үздік  бизнес-мектептер (4 пальма – 200 мектеп), нығайып келе жатқан халықаралық ықпалы бар өте жақсы бизнес-мектептер (3 пальма – 400 мектеп), күшті аймақтық ықпалы бар жақсы  бизнес-мектептер (2 пальма – 200 мектеп), едәуір жергілікті ықпалы бар бизнес-мектептер  (1 пальма – 100 мектеп).

_____________________________________________________________________________

*1000  бүкіл әлемдік бизнес мектептердің  қорытынды  рейтингісін және егтей-тегжейлі әдіснамасын  EDUNIVERSAL  сайтынан таба аласыз http://www.eduniversal-ranking.com/

Бөліс: