Мектеп басшылары менеджментті меңгеруде

Жаңалықтар

Маусым 24, 2019

Мектеп басшылары менеджментті меңгеруде

Биылғы жылдың 19-23 маусым аралығында AlmaU-дың Білім беруді дамыту институтының оқытушылар құрамы Шымкент қаласы білім басқармасының қызметкерлеріне және менеджерлеріне, мектеп және колледж басшыларына "Білім беру саласындағы  менеджмент" бағдарламасы бойынша курстар өткізді.

Аталған курс Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ұйымдастырылып, 80 адам өндірістен қол үзіп, оқыған болатын. Бағдарламаның мақсаты-білім беру саласындағы жаңа талаптарды, білім берудің мәнін ашып көрсету болды. Осы курстар арқылы білім беру мекемелері басшылары менеджменттегі жаңалықтарды меңгеріп, оны іс жүзінде қолдана бастады. Курс барысында «Команда құру. Корпоративтік басқару», «Білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқарушының ойлау дизайны», «Инновациялық мектептерді жобалау, мекеменің білім беру философиясын құру», «Мектеп бренді, мектеп директорлары, мұғалімдер: оларды ұйымдастыру, қолдау және дамыту» тақырыптары  бойынша треннингтер өткізілді.

Сарапшы ретінде ф. ғ. д.,  доцент, бірінші проректор – білім беруді дамыту институтының директоры Қанағатова Алмагүл Медихатқызы, PhD, жеке дербес коуч, еңбек қатынастары және персоналды басқару саласындағы сарапшы Исмаилов Ербол және э.ғ.к., Design Thinking Lead бизнес-тренері, халықаралық қатынастар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі сарапшы Салимбаева Альбина қатысты. Курс тыңдаушылары алдыңғы қатарлы білім беру трендтерімен, education management-тегі талаптарды қабылдауға қабілетті көшбасшының жаңа бейнесін қалыптастыру техникаларымен және әдістерімен танысты. Курс барысында  білім саласының үздік сарапшы-практиктерімен бірге білім беру кейстерін талқылауға мүмкіндік болғандығы  қуантады. Курс өз мақсатына жетті деген ойдамыз, себебі біздің еліміздің ең тамаша, қонақжай, шырайлы Шымкент қаласында білім беру саласындағы теория мен тәжірибе бір-біріне жалғасып, үйлесімділік тапты. Біздің білуімізше теория мен практиканы қатар қолдану кез келген істе жақсы нәтиже береді. Сондықтан да біз  ұйымдастырған курстар білім саласына  өз үлесін қосады деп күтеміз. Бұл инновациялық әдістер мен оқу техникалары қолданылып, білім беруді ілгерілетіп, дамытып, осы  саладағы топ-менеджменттің санын көбейтеді деген үміттеміз.

Ағымдағы жылдың қараша айында курс қорытындысы бойынша 80 тыңдаушыға біліктілікті арттыру туралы Almaty Management University –дің  дипломы тапсырылады деп жоспарлануда.

Осы орайда "Білім берудегі менеджмент" атты біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының пікірлерімен танысуды ұсынамыз.

Гүлназ Абілдаева, Шымкент қаласындағы №1 мектеп-гимназия директоры:

Бүгін, 2019 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларына трансформациялау туралы курстың  бесінші күні өтуде. Жексенбі күні "Мектеп бренді, мектеп директоры, мұғалімдер: ұйымдастыру, қолдау және дамыту" туралы  тренинг болды. Тренингті ф. ғ. д.,  доцент, бірінші проректор – білім беруді дамыту институтының директоры Қанағатова Алмагүл Медихатқызы өткізді. Ол "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі, еңбек қатынастарындағы, персоналды басқарудағы сарапшы. Білім беру менеджерлері үшін өте қызықты, өзекті тақырып болды. Бұл  курста  жаңадан  пайда болған мектеп үрдістері жайлы,  білім беруді одан әрі дамытудың басталары туралы айтылды. Осы  Шымкент қаласының білім беру мекемелері директорларының біліктілігін арттыру курстарында халықаралық деңгейдегі білім беру мамандары мен сарапшылары сабақтар жүргізуде.. Бізді үш модуль бойынша оқытатын болады. Біз қалған төрт модуль бойынша курстың жалғасын күтеміз.Қазір демалыс уақыты. Осы кезді пайдаланып, әрқайсымыз  рефлексия, өзін-өзі дамыту және оқу қорытындысы бойынша контентті түсінуге мүмкіндігіміз бар. Оқу қараша айында жобаларды қорғау жұмысымен  аяқталады. Алда көптеген жоспарлар бар, соның ішінде жобаларды іске асыруымыз керек".

ф. ғ. д.,  доцент, AlmaU-дың бірінші проректоры – білім беруді дамыту институтының директоры Қанағатова Алмагүл Медихатқызы:  

"AlmaU-дың  білім беруді дамыту институты еліміздің білімсаласындағы  мекемелеріне интерактивті, технологиялық білім беру орталықтарын ұсынып отырғандығын  мақтан тұтады. Бұл "Білім берудегі менеджмент" бағдарламасы бойынша оқыту  тұжырымдары  жасалатын орта. Оқытудың аталған бағдарламасы қазіргі білім берудегі жаңа талаптар мен түсініктер  жүйесін қалыптастырады. Бүгінгі күні қалалық, аудандық, облыстық білім басқармаларының басшылары оқытуды өзгерткісі келеді. Жинаған тәжірибелерін өз оқу орындарында қолданатын болады. Бұл білім беру бағдарламасы Шымкент қаласындағы білім беру мен дамыту арқылы мектеп директорларын - басқарушы командаларды  оқытуды жоспарлаған. 80 мектеп директоры 7 айдан кейін өз әріптестеріміз, қалалық білім беру бөлімі, әкімдік алдында дайындаған білім беру жобаларын таныстырады. Бүгін "команда құру" 1-модулі өтті, оны белгілі сарапшы, "Eurasian Center for People Management" бас директоры Ербол Исмаилов өткізді. Мектеп директорлары білім беруге байланысты тренингтерге үлкен ынтамен қатысты. Олар бұл курстар арқылы  білім беру саласына жаңа көзқараспен қарап, аталған саладағы өз жауапкершіліктерін түсінуде. Барлық қатысушыларға табыс тілейміз! Жобаға қолдау көрсеткені үшін  Шымкент қаласы қалалық білім бөліміне, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Балқан Маратұлы Қасымовқа,  Ақеркін Абылайханға, Айгүл Текебаеваға, рақмет айтамыз. Шымкент қаласы мектептері директорларының  білім беру саласында жаңашылдықтар жасайтындарына  сенеміз".

Бөліс: