Мықтылардың мықтысы!
Жақын арада Токиодан (Жапония) Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) Спорт клубының басшысы Бауыржан Тілеубаевқа Киокушинкай каратэсі бойынша 4-дан дәрежесі берілгені туралы ресми хабарлама келді.
Бауыржан тікелей Жапонияның растауымен Киокушинкай-кан каратэ Халықаралық нұсқасы бойынша 4-дан дәрежесін алған бірінші қазақстандық, бұндай дәрежеге жету оңай емес!
Жоғары атақ алу үшін талапкерлерге арналған Дан-тест ауыр және өте қатал сынақтарымен белгілі. Емтихан бірнеше күнге созылды, ол бірден каратэден әлемдік Чемпионат аяқталғаннан кейін басталды. Әлемдік Чемпионат Олимпиада ойындары сияқты 4 жылда бір рет өткізіледі. Дан-тестіге әлемнің көп елінен келген каратэшілер қатысты. Аймақтық мектептердің үздік өкілдері бұл сынаққа барынша дайындалады, себебі әркімнің де күшін сынап көргісі келеді ғой, ал дан-тестіні тапсыра алмағандар келесі Чемпионатты күтеді. Әрине, осы тесті Қазақстанда да тапсырып көруге болатын еді, бірақ каратэнің отаны аталған жерде тапсырудың әсері де салмағы да басқаша емес пе?!
Тесті бағдарламасына бәрі енгізілген: кихоны**, физикалық сынақтар, жұдырықпен тұрып, кеудені жерден көтеру, кросс, жұппен жұмыс, қорғану блоктары, соққы беру, аяқты сермеу, ең соңында, салмақ санатына қарамастан қара белдіктермен 30 айқасқа түседі. Жалпы алғанда, Бауыржанның барлық қарсыластары одан ірілеу, салмақтары артық болды, бірақ каратэде бұған қарамайды, әр каратэші кез келген қарсыласымен шайқаса алу керек. AlmaU студенттері мен қызметкерлерінің бас бапкері намысты қорғап, осындай қиын сынақта жеңіске жетті.
Бауыржан, жеңіс құтты болсын! Зор денсаулық, спорт саласында табыстарға жете беріңіз демекшіміз!
Кихон** — бұл шынайы қарсыласы болмайтын, техниканы үйреніп, дағдылануға арналған арнайы дайындық түрі.