Motor-Roller тобының жетекшісі AlmaU-да қонақта болды!
26 ақпанда Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) отандас орындаушылардың қатысуымен «Уақытты таңдамайды, сол кезеңде өмір сүреді» деген атаумен поэзия мен музыка кеші өтті.
Бұл іс-шараға қызығушылар саны көп болмаса да, кездесуге келген тыңдаушылар мейлінше риза болды, себебі олардың алдында әнші Марина Гранова, сонымен қатар бард, авторлық әндер фестивалінің және байқауларының лауреаты, «ТОНИКА» поэзия, романс және авторлық әндер Клубының мүшесі Николай Хан, журналист, шоумен және музыкант, «Ветер странствий» журналының бас редакторы Олег Белов, «Петербургский стиль» орындаушылық өнер байқауының лауреаты Мансур Изахунов өнерлерін ортаға салды, осы кештің тағы да бір жұлдызы рок-әнші, «Motor-Roller» тобының көшбасшысы Ильяс Аутов тыңдаушыларын бір қуантты .
«Слово» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл кештің мақсаты шығармашылық, ол мейлі жаттікі болсын, өзіміздікі болсын, қандай ауыр кезең болмасын қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін күш екенін еске салу еді.
Ұйымдастырушылар Ильяс Аутовтың шығуын ең соңына қойған екен, әнші бірнеше шығармасын орындап берді, олардың ішінде «Бішкектен Алма-Атаға дейін», «Соғыс туралы ән» сияқты көпшілікке танымал туындылары орындалды.