Өз тәжірибемнен: Microsoft компаниясына қалай жұмысқа орналасуға болатындығы жайлы

Жаңалықтар

Тамыз 02, 2019

Өз тәжірибемнен: Microsoft компаниясына қалай жұмысқа орналасуға болатындығы жайлы

Өзім туралы 

Менің атым Оксана Макаренко, мен 26 жастамын. Мен  Алматы қаласында туып, өстім. Бұл қаланы әдемілігі үшін, адамдары үшін өте жақсы көремін. Соңғы екі жылда АҚШ-та тұрғандықтан, мен туған-туыстарымды, достарымды сағынып, жиі есіме аламын, олармен кездесетін күнді күтіп жүрмін.

Мен 2014 жылы AlmaU-да  "Маркетинг" мамандығын бітірдім. Сонымен қатар мен бұл салада ерте жұмыс істей бастаған едім. Мамандықты дұрыс таңдаған адамдардың бірімін деп ойлаймын, сондықтан да  менің ата-анамның маған жұмсаған инвестициялары бүгін жеміс әкелуде деген ойдамын. Бірақ ең бастысы, менің жұмысым өзіме өте ұнайды.

 AlmaU жайлы естеліктерім

AlmaU-да оқыған жылдары мен топ басшы болдым. Ол кездері мен білім алып, бизнес-ойындарға қатысып, стажировка, конференцияларға баруды ойладым. Осының арқасында мен студенттік жылдары алғашқы оффер алдым. 2012 жыл менің ойымда  қалды.  Ол кезде AlmaU командасы Украинадағы Golden Compass халықаралық байқауында 1 орынға ие болған еді.

Мен AlmaU-ға өз алғысымды білдіремін, себебі университет қабырғасында кәсібіи жолымның іргетасы қаланды, студенттік кезде танымал сарапшылармен байланысу мүмкіндіктері болды.

Жұмыс жайлы

Мен  2018 жылдан  бастап Microsoft компаниясында Marketing Project Manager болып жұмыс істеймін. Функционалдық міндеттеріме: компания серіктестерімен өзара қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жобаларға маркетингтік қолдау жасау кіреді. Бұл менің визамның түрі мен мерзіміне байланысты берілген жұмыс болып табылады.

Танымал әлемдік  бизнес компанияда қарапайым адамдар жұмыс істейді.

АҚШ-та кез келген компанияға жұмысқа тұру үшін үш шарт қажет: жұмыс визасы (бұл ең күрделі мәселе), құзыреттілік, білім және  ниет болу керек.

2017 жылдың қыркүйегінде АҚШ-қа кәсіби тағылымдама бағдарламасы бойынша келіп, IT үшін рекрутингпен айналысатын Wimmer Solutions  компаниясына маркетинг-координатор міндетін атқаруға кірістім.

 Осы позицияда жарты жыл жұмыс істедім, веб-сайттың юзабилитиі, SEO –ны жақсартып  медиада ілгерілетумен айналыстым. Жұмыс өте қызықты, бірақ шағын компанияның ішінде бірқалыпты болды. Менеджер клиенттердегі ашық позицияларға орналасуға  тырысып көруімді  ұсынды. Мен бұл жұмысқа тұра алатындығыма сенбедім. Бірақ соншалықты  қиын да қорқынышты емес болды: бірнеше аптадан кейін маған компьютер, бейджик және әлеуметтік пакет беріп, жұмысқа қабылдады.

 

Ірі  корпорацияда жұмыс істеу үшін қандай іскери дағды болу керек?

Өз тәжірибемнен айтар болсам, маркетолог маман үшін үлкен компанияда сараптама жасай білу керек  және өздігінен шешім қабылдай білу  маңызды деп айтар едім. 

Америкалық компаниялар бөлім менеджерінің  айтқанын істеп қана қоятын қарапайым орындаушыны жұмысқа алмайды.

Жұмыс беруші қызметке тұрған маманнан өздігінен  талдау жасауды  және жоспарлай алуды білетін және бизнес-мақсаттарға қол жеткізу үшін  компанияға көмектесетін қызметкерді қабылдайды. Бизнес-қажеттілікті сезіну, нарықты талдау, гипотезалар жасау және оны тексеру, инновациялық шешімдер дайындау, келісу және енгізу қажет. Сондай-ақ маман теріс нәтиже болған жағдайда одан  қорықпауы тиіс.

 

Қызметкер үшін қажетті екінші қасиет-бұл коммуникация. АҚШ – та бұған үлкен мән  беріледі-сіз  сұхбаттасушыны  өзіңізге тарта білу және "пайдалы" танысу жасай алу сіздің мансабыңызда жақсы жетістіктерге қол жеткізуге жетелейді. Департаменттің, компанияның және елдің өзіндік мәдениетін сезіну керек, сондықтан бірыңғай кеңес айту  мүмкін емес. Стресске-күйзелістерге мықты болу қабілеті-бұл үшінші қажетті қасиет болып табылады. Жұмыс өте көп. Сізге жұмыс кейде   ұнамауы да мүмкін,  кейбір кезде  уақыт пен жаныңызға жақын адамдар жетіспейді. Кез- келген жағдайда адамдық қасиет пен кәсібилікті сақтай білу керек.

Microsoft-тағы жұмыс істеген кезде түсінгенім, өз білімімді жетілдірумен айналысу керектігін білдім. Мен бағдарламалауға және кодинг жасауға қызығушылық білдіремін деп ойламаппын. АҚШ-та мен көптеген онлайн-курстардан өттім: SEO, Digital Analytics, HTML5, Content Writing және т.б. Қазір өмірді   оқусыз  елестете алмаймын деп нық сеніммен айта аламын.

Мен жауапкершілік алғаннан және жобаларымды дамытып оның нәтижесін көргеннен   рахаттанамын. Microsoft өздігінен шешім қабылдайтын мамандарды                                                                                                                                       қолдайды.  Жұмыста басшылық тарапынан микроменеджмент жоқ, сондықтан мен креативті шешімдерді өзбетімше жасай аламын. Мысалы қашықта отырып жұмыс істей аламын және жұмысымды  ерте, кеш аяқтай аламын, себебі ең бастысы жұмыс сағатына емес, жұмыстың сапасына мән беріледі.

 Мен адамдармен жұмыс істегеннен шабыттанамын.  Маған кәсіби мамандардың тобында жұмыс істеп, білім алып, біліміммен  бөліскен ұнайды.

 

Шетелдегі өмір жайлы

Жақсы  іскери байланыс жасау – менің ең мықты қабілетімнің бірі деп ойлайтынмын. Бірақ АҚШ-та  болған кезде түсінгенім, бұл қасиетім соншалықты жақсы деңгейде  емес екенін түсіндім. Тілді білу деңгейім  мен үшін  көп кедергі келтірді, менің жергілікті тұрғындармен араласып кетуіме бөгет болды. Ағылшын тілін жақсартып, акцентпен жұмыс істеуіме тура келді.

Адам жаңа елдегі өмірде -көптеген қиындықтарға кезігеді. Мысалы пәтердің жалға алу келісім-шартын жасау, салық құжаттамасын толтыру, шамды ауыстыру т.б. қажеттіліктер. Бұл тізім біреуге қызықты көрінер, ал біреулер үшін бұл жаңа елдегі кедергі -стресс болуы мүмкін.

Жетістіктер

Менің бұрынғы басшыларымның бірі жетістіктерімді мақтан тұтуды және "өзімді бағалай білуді" үйренгенімді атап өтті. Мен ешқашан өз жетістіктерімді, табысты жобаларым мен қабілеттерімді айтып мақтанған емеспін. 

Мен қазір де олай істемеймін,себебі табысты іс нәтижеден көрінеді деп ойлаймын.

Бірақ  мен жасаған әрбір жобамды және жеткен жетістіктерімді  мақтан тұтамын.

Microsoft –тан басқа қандай компанияда жұмыс  істер едім?

Менің ойымша, Сиэтлде мені жалдаған компанияда жұмыс істеген болар едім. Мен жаңадан  білім алып, кәсіби  дағдыларды игеріп, қазіргідей қызықты жобалар жүргізетініме сенімдімін. Мен АҚШ-та Master of Science бағдарламасына түсуді жоспарлап отырмын, өз білімімді жетілдіру үшін және және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін істемекшімін.

Болашақта мен университетте сабақ бергім келеді. Мен корпорациялардағы қарбалас жұмыстан шаршап, тәжірибе жинақтаған кезде, бұл қабілет маған жақсы педагог болуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Хобби

Мен тауға шығуды және орманда серуендеуді  жақсы көремін. Демалыс күндерді жақсы өткізгенді және желдің дыбысын тыңдағанды, сондай-ақ суретке түсіруді ұнатамын. Әсіресе, ескі Nikon фото құрылғыммен суретке  түсіруді ұнатамын.

Маған өмір жайлы жазу ұнайды. Бұрын еш жерде   жарияламасам да өлеңдер, әңгімелер жазатынмын. Қазіргі уақытта бұл маркетингтік контент, бірақ мен болашақта осы бағытта маңызды дүниелер жасаймын деген үмітімді жоғалтпаймын.

Мен балаларды жақсы көремін,өйткені балалар мерекелерінде аниматор болып көп жыл жұмыс істедмі. Жаңа жылдық мерекелердің өзіндік ерекше мәні бар – себебі ол кезде шынайы күлкі, сиқырлы шамдар  және мандарин иісі болады.

AlmaU-дың маған берген көмегі жайлы

AlmaU-да білім алу арқылы -менің мансабымның іргетасы қаланды. Кафедра оқытушылары интерактивті оқыту және әңгімелесу арқылы маған мамандыққа деген сүйіспеншілікті үйретті. Олар қағаздан дәріс оқымайтын, ұстаздарымыз әрқашан студенттерге жақсы білім берді. Олардың жылы қарым-қатынасы мен біліктілігі- менің   оқуға және мамандықты жақсы көруіме көмектесті.

Студенттерге айтар кеңесім

  • Ешнәрседен қорықпаңыз және мүмкіндіктерді уақытында пайдаланып, өзіңізге ашылған есіктерді жаппаңыз;
  • Үнемі жаңа білім алуды іздеңіз. Жеткен жетістікпен тоқтап қалмаңыз, жаңа мәдениетпен танысып, басқа елдерге саяхаттаңыз және жаңа дәстүрлермен танысыңыз.

Университетке ұсыныс

 

  • Студенттерге арналған дәрістерге бизнес-ортадан спикерлерді шақырыңыздар-бұл керемет тәжірибе болар еді;
  •  Студенттерге тағлымдамалар жайлы айту-бұл әдіс оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге өз жолын табуға көмектеседі;
  • Ғылыми-бағыттағы студенттік клубтарды құру;
  •  Big data бағытын дамыту.Бұл кез-келген мамандықтың болашағы.

 

Сілтеме: https://the-steppe.com/lyudi/lichnyy-opyt-kak-ustroitsya-na-rabotu-v-microsoft/?partner

Бөліс: