Language Center объявляет победителей фестиваля Words of Love
Биыл Менеджмент Университетінде “Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу” мейрамына орай 2021 жылы 1 – 15 сәуір аралығында Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Words of Love» атты жас таланттар онлайн форматта байқау өткізді. Қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынасты: өздерінің шығарған өлеңдері мен әндері, тақырыпқа сай шет тілінен ана тіліне және ана тілінен шет тіліне көркем аударма.
Instagram-да # almau_words_of_love хэштегімен 14 бейнебаян орналастырылды, онда Тілдер орталығының оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы конкурсқа қатысушы студенттеріміздің лингвистикалық талантын, сондай-ақ бейнебаянды көркем безендірулерін тамашалап, бағалай алды. Нәтижелер 15 сәуірде жарияланып, марапаттау рәсімі 19 сәуірде Zoom-бейнеконференцияның шеңберінде өтті. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды және жеңімпаздар университеттің сыйлықтарына ие болды.
Өзі шығарған өлеңі үшін Амангүл Шернияз І-орын иеленді.
ІІ орын иегері - Жанель Абдрахманова және ІІІ-орын иесі Амина Базарбек атанды.
Шет тілінен ең жақсы аудармашы номинациясын Ғазиза Дарижан алды.
Ал ІІ-орынға Аружан Матымовтың командасы ие болды.
Осы номинацияда ІІІ- орынды Ақмарал Әбдімүтәліпова иеленді.
«Ана тілінен аударма» номинациясы бойынша Жанель Такенова жеңімпаз атанды.
Аружан Матымованың командасы - ІІ орынға, ал Милана Исханова ІІІ- орынға ие болды.
Ең әсерлі бейнебаянды Аружан Матымова (Илья Кременеш, Кристина Клаус, Ихсан Имермзаев, Алина Акимжанова, Нина Хегай, Айгерим Сакенова, Айдай Мелисова, Алиби Амит) командасы түсірді.
Мұнда біз ақындық өнердің ең талантты туындыларымен бөліскіміз келеді. AlmaU өз студенттерін мақтан тұтады!