AlmaU футбол кубогы: 2023 жылғы чемпион атағын New Generation командасы жеңіп алды

Жаңалықтар

Қазан 30, 2023

AlmaU футбол кубогы: 2023 жылғы чемпион атағын New Generation командасы жеңіп алды

AlmaU спорт клубы Sport Live студенттік ұйымымен бірлесе отырып, AlmaU - дың студенттері, қызметкерлері мен түлектері арасында футбол турнирін өткізді. 24 мен 26 қазанда өткен жарыстарға 16 команда қатысып, чемпион атағы үшін күресті.

Финалға Атакуэйшн мен New Generation атты екі студенттік команда қатысты. Матч жарқын және қызықты сәттерге толы болды, нәтижесінде New Generation командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті және 2023 жылы AlmaU Кубогының иегері болды.

Жарысқа қатысқан барлық командаларға алғысымызды білдіреміз, сәттілік пен жаңа спорттық жеңістер тілейміз.

 

Бөліс: