ВОЛОНТЕРЛЕР- ОЛАР КІМДЕР?

Жаңалықтар

Маусым 02, 2016

ВОЛОНТЕРЛЕР- ОЛАР КІМДЕР?

27 мамырда Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU, бұрынғы ХБА) волонтерлер,  саясаттанушылар, қайырымдылық қорларының өкілдері, құқықтанушылар, сондай-ақ оқытушылар қауымдастығы және депутаттар «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасын талқылады.

Жалпы алғанда, бұл заң жобасының  талқыға түсіп отырғаны волонтерлік сияқты әлеуметтік және қоғамдық пайдалы әрекетті қатаң түрде реттейтін құқықтық нормалардың қажет еместігінде.  Өйткені бізде волонтерлік қызметке қатысты бүгінгі таңда қабылданған заңдар мен нормативтік актілер жеткілікті емес пе? «Мүмкін, қолданыстағы нормалар механизміне және  олардың жүзеге асырылуына  назар аударған дұрыс  сияқты?", - дейді заң жобасының қарсыластары.

- Дегенмен, волонтерлік азаматтардың бастамаларына, патриоттық сезімдеріне, елінің дамуына үлес қосқысы келетін ниеттеріне байланысты болатынын ұмытпағандары жөн, бәрі заң мен нормативті актілерге байланысты емес. Әрине, мені заңгер ретінде күмәндандырғаны заң жобасының декларативті нормалардан тұратыны, олар жұмыс істей ме? Біз үшін маңыздысы заң жобаларының жұмыс істеп, еліміздің өркендеуіне ықпал етуінде,»-дейді Жаннат Камишева .

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова өз сөзінде заң жобасы кез келген уақытта қаралатын құжат болады. Сонымен қатар, жұмыс тобы құрылып, оны қадағалау қажеттігі, қоғамдық пікір мен заң жобасы қабылданғаннан кейін  қандай пікірлер болуы мүмкін  екенін бақылау керек,- деп өз сөзінде депутат айта кетті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Волонтерлік қызмет туралы заң жобасы» 2015 жылы  әзірленген болатын. Ұсынылып отырған заң жобасы ашық және оның AlmaU –да жария түрде талқылануы сапалы нұсқаулармен,   волонтерлердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің   ұсыныстарымен  толықтырылса деген оймен ұйымдастырылды.

Бөліс: